Халықаралық форум

Білім және ғылым министрлігі мен Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында «Үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелері: дәстүр мен жаңашылдық» атты халықаралық форумы өткізілді.

Рая ЕСКЕНДІР

Форумның көздеп отырған негізгі мақсаты – қазіргі заманғы жағдайларда ТМД елдеріндегі үздіксіз педагогикалық білім беру және педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін талқылау; үздіксіз педагогикалық білім беру саласында ғылым мен инновацияларды қолдаудағы интеграциялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін мемлекетаралық алаңды одан әрі дамыту болды.

Ауқымы кең іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының құрамындағы универ­ситеттердің ректорлары, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының (Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Польша, Чехия, Жапония, Түркия, Украина және т.б.) ректорлары мен профес­сорлары, ғалымдар, ТМД және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқытушылары, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы мен докто­ранттары қатысты.

Алдымен Абай атындағы ұлттық педагогикалық универ­ситет ректоры Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов және шетелдік жоғары оқу орындарының ректорлары құттықтау сөз сөйледі.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің құттықтау хаты оқылды.

«Қазақстан Республикасының жетекші педагогикалық жоғары оқу орнының 90 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқан жоғары мектеп және оқу орындары оқытушылары форумының маңыздылығын бағаламау мүмкін емес, әсіресе қазіргі уақыттағы еліміздегі жоғары мектептер мен жоғары білім беру саласындағы өзгерістер енгізілу ке­зеңінде. Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мәскеу педаго­гикалық университетінің бастамалары бойынша Еуразиялық педагогикалық университеттердің қауымдас­тығының құрылуы өте маңызды қадам болып табылады. Бұл ЕЭО елдеріндегі білім және ғылым саласындағы интеграцияға бағытталған бірінші мемлекетаралық қоғамдық ұйым. Еуразиялық қауымдастықтың қызметі ғылым және білім беру гуманитарлық кеңістігін табысты қалыптастыруға, ұлттық мәдениеттерді өзара байытуға, біздің елдеріміз арасындағы байланыстарды дамытуға және нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз…» делінген.

Форум жұмысында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Александр Лубков (Ресей), Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Александр Жук (Беларусь), Х.Абовян атындағы Армян мемлекеттік педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Srbuhі Gevorgyan (Армения) баяндама жасады.

Форум жұмысы негізгі бес бағыт бойынша жүргізілді.

Форум қатысушыларының пікірінше, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының халықаралық форум жұмысы нәтижелі және жоғары деңгейде өтті.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *