ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Әдебиет айдынындағы тағы бір сүйінші жаңалық – Қазақстан Жазушылар одағы Секретариаты мәжілісінің шешімімен 2019 жылдың  5 сәуірінде қазақтың бір топ қаламгеріне Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы (2017-2018 ж.ж.) берілді.

2017 жылдың иегерлері:

  1. Ғұсман Жандыбаевқа «Арман ауыл» өлеңдер жинағы;
  2. Нұрдәулет Ақышқа «Рақымсыз көктем» әңгімелер жинағы,
  3. Сайлаубай Жұбатырұлына «Абыр­жы» ІІІ томдық шығармалар жинағы;
  4. Қайсар Әлімге «Міржақыптың оралуы. Возвращение Миржакипа». Хикаят сапарнама (екі тілде);
  5. Шәмшабану Хамзаға ІІ томдық шығармалар жинағы;
  6. Мира Шүйіншәлиеваға «Ар азабы» пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы;
  7. Дәулеткерей Кәпұлына «Терісбұрау» өлеңдер жинағы;
  8. Мырзан Кенжебайға «Өттің, дүние» өлеңдер жинағы;
  9. Сайлаубай Тойлыбаевқа «Сарноқай саздары» ІІ томдық өлеңдер жинағы үшін.

 

2018 жылдың иегерлері:

  1. Нармахан Бегалиевке «Жаз – жалбыз» өлеңдер жинағы;
  2. Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағы;
  3. Байбота Қошым-Ноғайға «Жұмақ нұры» өлеңдер жинағы;
  4. Нұржан Қуантайұлына «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағы;
  5. Дәурен Қуатқа «Бөрісоқпақ» әңгімелер жинағы;
  6. Өмірзақ Қажымғалиевке «Жаңғы­рық» трилогиясы;
  7. Мінуар Әкімхановқа «Көңілге тұнған көп сурет» өлеңдер жинағы;
  8. Патигүл Мақсатоваға (Патям) «Хар пәсил нин гузаллиги бар» өлеңдер жинағы;
  9. Әмина Құрманғалиқызына «Әулет пен нәубет» шығармалар жинағы;
  10. Серікбай Оспановқа «Алқоңыр» өлеңдер жинағы үшін.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *