Халыққа коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек беріледі

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік жағдайы төмен топтарға коммуналдық төлемдерді төлеуге көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Шаһар басшысы бұл мәселенің Мемлекеттік комиссияның отырысында талқыланғанын жеткізді.

«Естеріңізде болса, біз алғашқылардың бірі болып коммуналдық қызметтер төлемін екі айға шегергенбіз. Осыған байланысты, қосымша шешім қабылданды. Мемлекеттік комиссияның шешімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына екі ай 15 мың теңге бөлінеді. Яғни, егер жеке коммуналдық шот 20 мың теңгеге келсе, оның 15 мыңын мемлекет жабады. Қалған бес мың теңгені тұтынушының өздері төлеулері керек. Бұл қолдау халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ғана көрсетілетін болады», – деді қала әкімі Б.Сағынтаев.
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *