Халық қаһармандарын ұмытпайды

«Алматытелеком» ӨТД байланыс ардагерлерін Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады

«Алматытелеком» өңірлік телекомму­никация дирекциясының ұжымы Отан қор­ғаушылар және Жеңіс күні мерекесі қарса­ңында байланыс ардагерлерін мерекелерімен құттықтады.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрме­тіне орай ардагерлерді құттықтау – «Самұ­рық–Қазына» АҚ компаниясының қолдауы­мен «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы аясында Қазақстан жастарының  патриоттық сезімін ояту, рухтық күш-жігер беру мақсатында, яғни «Алматытелеком» ӨТД Алматы, Талдықорған қалаларында, сондай-ақ Алматы облысындағы аудандық бөлімшелер бойынша жүзеге асырылған болатын.

– Қазіргі таңда, өңірлік телекомму­никация дирекциясында ҰОС-ға қатысқан 12   және 70 еңбек ардагері тіркелген, – деп атап өтті «Байланыс» кәсіподақ ұйымының төрайымы Елена Енгерова. «Бұдан бөлек, біздің қызметкерлер үшін Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлермен, майданда еңбек етушілермен кездесіп, сол жылдардағы оқиғаларды өз ауыздарынан есту үлкен мәртебе деп санаймын. Олар бұл арқылы бізге ашық аспан мен жарқын болашақтың қалай келгенін түсінетін болады», – деп қосты Елена Енгерова.

Ардагерлер мен майданда еңбек етушілер сол жылдардағы оқиғаларды қайғыру үшін естеріне түсірген жоқ, керісінше сол арқылы филиал қызметкерлеріне жеңістің қандай жолмен келгенін, қазіргі ұрпаққа бейбіт заманды көру қандай жолмен келгенін түсіндіруге тырысты.

Мереке қарсаңында «Алматытелеком» ӨТД «Жастелеком» белсенді  жастар ұйымы мен кәсіподақ ұйымы   бірлесе отырып, ардагерлер үйіне қонаққа барып, оларды Отан қорғаушылар және Жеңіс  күнімен құттық­тап, байланыс саласының дамуына қосқан үлестері мен бейбіт өмір үшін алғыстарын жаудырды. Жастар ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып, филиал басшылары атынан ардагерлерге гүл шоқта­ры мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

 

Аймерек САЙЛАУ,

«Қазақтелеком» АҚ қоғаммен байланыс қызметі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *