ХАЛҚЫМЫЗ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТЫН АРТТЫРУЫ КЕРЕК

Омархан ӨКСІКБАЕВ, Мәжіліс депутаты:

— Бұған дейін тұрғын үй қарым-қатынасына байланысты бірқатар заңға өзгерістер енгіздік. Себебі, үлескерлердің мәселесі өте күрделеніп кеткенін білесіздер. Қанша адам алаяқ құрылыс компанияларына алданып, сан соғып қалды. Заңды жетілдірудің нәтижесінде мұны реттедік. Алдын-ала жан-жақты келісім-шарт жасалады. Мемлекеттік қор құрылды. Сол қор арқылы мемлекеттік тарап кепіл болады. Мердігер құрылыс компанияның да жұмысы бақылауға алынды. Осындай механизмдерді іске асырдық. Енді мынау тұрғын үй кооперативтері дегенге келсек, өзінше бір аферистік жолмен ақша табуға тырысқандардың әрекеті деп түсінемін. Біздің халқымыз өзі сенгіш. Оңай жолды көрсетсе соған жүгіріп, қолындағы жиған-тергенін жинап бере салады. Тұрғын үй кооперативтері дегенге ақша салып алданып қалса, оған ешкім кепіл бола алмайды.

Тағы бір айтатын нәрсе, тұрғын үй болсын, басқа мәселе болсын, халқымыз өзінің қаржылық сауатын арттыруы керек. Менің қабылдауыма арыз-шағыммен қанша адам келеді! Көпшілігі банктен несие алады. Бірақ оның пайызы қанша, үстінен қайтарылатын қаржы қанша, оны есептемейді. Кейін несиесін қайтара алмай, банкпен арада қиындық туған кезде ғана келеді. Қолындағы келісім-шартта бәрі жазылған. Өзі оқымай қол қойып жіберген. Заң тұрғысынан алғанда, банктің талабы дұрыс болып шығады. Сондықтан жоғарыда айтқан тұрғын үй кооперативі дегенге бармас бұрын жан-жақты тексеріп алу керек.

 

(«Жас қазақ», 5.10.2018.).

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *