ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандан­дырылған музыка мектеп-интернаты» респуб­ликалық мемлекеттік мекемесі 2019-2020 оқу жылына іріктеу байқауы арқылы 1-сыныпқа фортепиано, скрипка, виолончель маман­дықтарына 6-7 жасар балаларды қабылдайды.

Құжаттар 20—30 мамыр аралығында, міндетті тегін кеңес алудан (консультация) кейін қабылданады.

Қабылдау емтиханы 31 мамыр, 1, 2 маусым күндері өтеді.  Іріктеу байқауы үш кезеңнен тұрады.

І кезеңде бала екі ән орындайды. Музыкалық есту және есте сақтау қабілетін тексеру үшін қысқа жаттығулар ойналады. Мелодиялық, гармониялық есту қабілеті тексеріледі. Баланың координа­ция  қимылдарын, ритмін байқау  үшін тапсырмалар беріледі. Жалпы сауатын тексеру үшін арнайы бақылау жұмыстары (диктант, оқу, санау және т.б.) алынады.

ІІ кезеңде ән орындалады және І кезеңнің барлық тапсырмасы күрделі түрде беріледі.

ІІІ кезеңде  баланың жалпы даму деңгейін тексеру үшін тапсырмалар беріледі. Әр баланың икеміне және талғамына қарай аспаптарға бөледі.

Мекен-жайы: Алматы қ., М.Әуезов көшесі, 66/5.

Толық мәліметті www.zhubanov.kz  сайтынан және +7 727 375-55-39; +7 707 803 18 44 телефондары арқылы алуға болады.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *