ХАБАРЛАМА

«Алматы қаласы  Қоғамдық  денсаулық  басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) 2019 жылғы 13 мамырда  Басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарында байқаушы кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурсты ҚР, 050040, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 6, Басқарма ғимараты мекен-жайы бойынша келесі ұйымдарда өткізуді хабарлайды, телефоны: 2744586:

 

№ р/с     Медициналық ұйымдардың атауы                                   Заңды мекен-жайы/ орналасқан жері

 

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№2 балалар қалалық клиникалық                050062, Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Алтынсарин даңғылы, 54 үй

ауруханасы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Балалар шұғыл медициналық      050040, Бостандық ауданы, Манас к-сі, 40

көмек орталығы» МКК

  1. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «Алматы онкологиялық орталығы» МКК    050060, Бостандық ауданы, Өтепов к-сі, 3
  2. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№1 Қалалық емхана» МКК         050006, Медеу ауданы, Гогоь к-сі, 53
  3. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№2 Қалалық емхана» МКК         050007, Медеу ауданы, Шухов к-сі, 37 б
  4. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№3 Қалалық емхана» МКК         050009, Алмалы ауданы, Розыбакиев к-сі, 74
  5. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№4 Қалалық емхана» МКК         мкр. Орбита -3, Торайғыров к-сі, 12 а
  6. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№6 Қалалық емхана» МКК         050062, Әуезов ауданы, 4 шағынауданы, Алтынсарин к-сі, 3 а үй
  7. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№9 Қалалық емхана» МКК         050011, Түрксіб ауданы, Шолохов к-сі, 17
  8. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№11 Қалалық емхана» МКК       050014, Айнабұлақ-3 шағынауданы, Жұмабаев к-сі, 87
  9.                                                                                           Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№12 Қалалық емхана» МКК       050040, Бостандық ауданы, Попов к-сі, 23
  10. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№13 Қалалық емхана» МКК       050037, Түрксіб ауданы, Сейфуллин даңғ. 97
  11. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№14 Қалалық емхана» МКК       050047, Алатау ауданы, Әйгерім шағынауданы, Ленин к-сі, 24
  12. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» МКК       050060, Бостандық ауданы, Басенов к-сі, 2
  13. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№18 Қалалық емхана» МКК       050052, Әуезов ауданы, Таугүл-3, Тоқтаров к-сі, 10 үй
  14. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№19 Қалалық емхана» МКК       050054, Түрксіб ауданы, Папанин к-сі 220
  15. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№20 Қалалық емхана» МКК       050049, Түрксіб ауданы, Жұлдыз-1 шағынауданы, 5 в үй
  16.                                                                                           Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№21 Қалалық емхана» МКК       050028, Жетісу ауданы, Көкжиек шағынауданы, 66
  17. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№22 Қалалық емхана» МКК       050061, Алатау ауданы, «Шаңырақ-2» шағынауданы, Жанқожа батыр к-сі,  193 а
  18. Алматы қ. ДСБ ШЖҚ «№23 Қалалық емхана» МКК            050058, «Алатау»  ауданы, «Ұлжан-1» шағынауданы, Жалайыр к-сі, 34

 

Аббревиатураны және қысқартуларды пайдалану:

ШЖҚ МКК – шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

Алматы қ. ДСБ – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы;

ҚЕ – Қалалық емхана

Ұйымның қызмет түрі: медициналық.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқаушы кеңестеріне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ келесі талаптардың біреуінің болуын қамтиды:

1) денсаулық сақтау саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау саласындағы басшылық қызметте жұмыс тәжірибесі (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл;

3) денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік етуі.

Байқаушы кеңестің мүшесі ретінде келесідей тұлғалар сайлана алмайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

4) байқаушы кеңестің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық қатынастағы адам.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі конкурс өткізу бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

6) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылықтың және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар) ұсына алады.

Конкурсқа  қатысуға  ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау күні конкурс  өткізу туралы  хабарландыру   бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап мына мекен-жай  бойынша анықталады:  ҚР, 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Жандосов көшесі, 6, Алматы қалалық  Денсаулық сақтау басқармасы, телефоны: 2745703, 320-кабинет.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close