ХҚКО қызметі енді қалтаңызда болады

Нұржамал   БАЙСАҚАЛ

Осыдан үш жыл бұрын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК, «Әлеуметтік төлемдердің ведомстволық есеп айырысу орталығы», «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаменттері біріктіріліп, «Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорациясы» құрылған болатын. Корпорация құрылған үш жыл ішінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету саласында қандай жаңалықтар орын алды? Бірнеше саланың жұмысын бір мекемеге жүктеу қандай жаңалығымен жұртқа тиімді болып отыр деген сауалға жауап беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Батанұлы Қырықбаев журналистер үшін арнайы баспасөз саяхатын ұйымдастырып, журналистерді корпорацияның жұмыс барысымен, үш жыл ішінде енгізілген жаңалықтарымен таныстырды. Журналистер корпорацияға қарасты Медеу, Бостандық аудандарындағы және арнайы мамандандырылған фронт-офистерінде болып, қазіргі кездегі халыққа қызмет көрсету саласындағы өзгерістерді өз көздерімен көріп қайтты.

 

Бір терезе қағидатынан бір өтініш қағидатына

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК, «Әлеуметтік төлем­дердің ведомстволық есеп айырысу орталығы», «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментін өзіне қаратқан корпорацияға өткен жылы әділет органдарынан жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі қоса беріліпті. Соншама қызметті бір корпорацияның мойнына жүктеу қаншалықты тиімді деген журналистер сауалына корпорацияның Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев жан-жақты жауап беріп, журналистерге мәселенің мән-жайын түсіндірді. Ең бастысы – қала тұрғындарының уақытын тиімді пайдалануға және олардың тілімдей анықтама алу үшін бірнеше мекеменің есігін қақпай бір өтініш негізінде бірнеше қызмет түрін қатар пайдалануға мүмкіндік жасау, — дейді Данияр Батанұлы.

Үш жыл ішінде мемлекеттік корпорация 621 қызмет түрін көрсетіпті. Бұл Қазақстанның реестрінде бар 752 мемлекеттік қыз­меттің 83 пайызын құрайды. Сол 621 қызметтің 506 түрі тұрғындар үшін бүгінде электронды форматта қолжетімді көрінеді.

Тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, қажетті ақпараттар мен анықтамаларды дер кезінде беру мақсатында мемлекеттік кор­порация жиырма үштен астам мемлекеттік мекеме-ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді. Сырт қараған адамға жұмысы көп көріне бермейтін (бұрынғыша айтсақ) ХҚКО-ның тірлігі қым-қуат, қарбалас.

Ең бастысы, әңгіме барысында корпорацияның Алматы филиалының директоры айтқандай, тиісті құжаттарды алу үшін баяғыдай бірнеше мекемеге сұрау салып, өтініш жазбайсыз. Бар­лық тиісті құжатты бір ғана мекен-жайдан рәсімдеп алуға болады. Осы үш жыл ішінде көптеген қызметтер «бір терезе» қағидатынан, бір өтініш қағидатына оңтайландырылып, 56 мем­лекеттік қызметтің 22 композиттік қызметке оңтайландырылыпты. Соның бір мысалы ретінде корпорация қызметкерлері зейнеткерлерге композиттік қызмет көрсетуді атап өтті. Қызметтің бұл түрі бойынша жасына байланысты зейнетке шығатын азамат өзіне зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық төлемін және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайын­дау үшін бұрынғыдай көп қағаз жинамай-ақ, бір өтініштің негізінде зейнетке шығып, зейнетақысы­ның мөлшерін біле алады.

Жиырма  жеті  мемлекеттік  қызмет 17 проактивті түрге оңтайландырылған. Оның ішінде жас аналарға туу туралы куәлікті, жәрдемақыны, сондай-ақ бала­бақшаға кезекке қоюды рәсімдеу қызметі бүгінде жұртшылықтың қолдауына ие болып отыр. Электронды үкімет порта­лында тұрғы­лықты жері бойынша онлайн-тіркеу рәсімі де жеделдетілген. Енді тіркеу үшін азаматтарға 20 минут жеткілікті көрін­ді. Ал іске қосылған «Анықтамасыз қызметтер» қызметі қазақстандықтарды анықтама ұсынудан босатты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорацияның бастамасымен бала туу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті принципі. СМС пароль арқылы ЭЦҚ-сыз қызметтерді алу, порталда деректерді бұғаттау, электрондық жұмысқа жарамсыздығы туралы парақты, автокөлікті онлайн тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру, үшінші тұлғамен және Телеграммбот бағдарламасын жүктеу арқылы анықтама алу іске қосылған.

 

Саусақ ізі арқылы да мемлекеттік қызмет алуға болады

Бостандық ауданында орналасқан мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне келген журналистер Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының, оның жаңа технологияларының халыққа мемлекеттік қызмет көрсету саласында да қарқынды дамып келе жатқанына көз жеткізді. Мұнда кез-келген азамат өзінің саусақ іздерін қалдыру арқылы жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынбай-ақ мемлекеттік қызмет алуына болады. Қыз­меттің бұл түрі ашылғалы бері 4040 алма­тылық азамат саусақ іздерін қалдыру арқылы мемле­кет­тік қызмет алу мүмкіндігіне ие болған. Бұл жүйе алаяқтықтың жолын кесіп, жемқорлыққа жол бермеудің басты амалы. Жеке адамның қолын кез-келген адам қоюы мүмкін, ал саусақ ізін ешкім алмастыра алмайды, – дейді фронт-офис мамандары.

Жер кадастры бэк-офисі және жылжымайтын мүлікті тіркеу желісі бойынша 205 352 қызмет көрсетілсе, оның ішінде: жыл­жымайтын мүлікті техникалық тексеру желісі бойынша 61 217, электрондық үкімет порталы арқылы 908, жер кадастры бойынша 28 685 қызмет көрсетілген.

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу желісі бэк-офистері арқылы – 114 542 (2018 жылғы 30 шілдеден бастап) қызмет көр­сетіліпті.

«ConnectіonPoіnt» немесе өзіне-өзі қызмет көрсету сектор­ла­рында көрсетілген қызметтер саны – 4 684 090 болса, мобильді үкіметке тіркелгендер саны – 1 025 270 құрайды.

Алматы қаласының мамандандырылған ХҚКО-ларында 3 жыл ішінде 156 756 жүргізуші куәлігі беріліп, 771 970 көлік құралы қайта тіркеуден өткен.

Қазіргі уақытта автокөлік иелері үшін «электрондық үкімет» порталында көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру бойынша сервистер жұмыс істейді, онда осы қызметтерді ұсыну мерзімі бір сағатқа дейін қысқартылды. Сервис іске қосыл­ғаннан бастап (01.01.2019 ж. бастап) 3199 жүргізуші куәлігі, (11.03.2019 ж. бастап) 590 көлік құралдарын тіркеу онлайн жүзеге асырылған.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Ішкі істер министрлігі өз функцияларын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бере отырып, тіркеу-емтихан бөлімшелерін жою туралы шешім қабылдады. Демек, осы жылдың 1 шілдесінен бастап жүргізуші куәлігін беру мәселесі де корпорация арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте автокөлікті тіркеу үшін қажетті ақпаратты полиция онлайн-режимде тексереді. Бұдан басқа, көлік құралдарын алғаш­қы тіркеу кезінде де тексеру рәсімін толығымен жою болжанып отыр. 2018 жылдың 27 тамызынан бастап халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көші-қон бөлімі жұмыс істейтінін де айта кеткен жөн. Бөлім ашылған күннен бастап 20 596 қызмет көрсетілген. 2014 жылдың қазан айынан бастап жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін белгілеу, (VІP нөмірлер) сату да ХҚКО-на жүктелген болатын. Сол күннен бастап қазіргі уақытқа дейін қаламыздағы №1, 2, 3, 4, 5 мамандан­дырыл­ған ХҚКО бөлім­дерінде 3 млрд. 79 млн. 594 мың 610 теңге сома­сына 8402 VІP нөмір­лер беріліпті. VІP нөмір тұрса, одан түскен төлем қазынаның қал­та­сын толтырып тұрған жәйі бар. Бұрын VІP нөмірді қалайтындар оны алаяқтық жолмен, МАИ-ды, таныс-тамырларын жағалап жүріп алатын. Ал қазір қалтаңыз көтерсе, қалаған нөмірлеріңізге тапсырыс бере аласыз. «Жақсыны көрмекке» демекші, «Азамат­тарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметімен таныса отырып, өркениеттің өркенді үрдістерінің біздің еліміздің өміріне де кеңінен еніп, «Цифрлы Қазақстан» биігіне бет алып бара жатқанымызға көз жеткіздік.

Бірнеше саланың жүгін арқалап отырған мемлекеттік кор­порацияның ендігі мақсаты – сапалы нәтижеге сапалы қызмет көрсету болмақ. Бүгінде мемкорпорация «Қалтадағы ХҚКО» қағидаты бойынша жұмыс істеуді қолға алмақ. «Телеграмм–Бот», яғни қалтадағы ХҚКО азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ешқайда бармай-ақ қалаған уақытында, үйде, қонақта жүріп-ақ пайдалана алатын болады.

«Цифрлы Қазақстанның» халық игілігіне айналғандығының бір дәлелі осы болса керек.

Ал оқырман сізді құжат алу, зейнетақы тағайындау, жер, жеке мүлік тіркеу, балабақша кезегіне тұру секілді және басқа да мәсе­лелер төңірегінде толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 15 ма­мыр күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­пора­циясының Алматы филиалының директоры Данияр Қырық­баевпен өтетін тікелей желіге жолдауыңызға болады. 377-57-07.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *