ХҚКО бөлімшелері неге жабылып жатыр?

Құттыбек АЙМАХАН

 

Соңғы кезде Алматы қаласын­дағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) бірқатар бөлімшелері бірте-бірте жабыла бастады. Атап айтқанда, биылғы жылы сұраныстың азаюы салдары­нан шаһардағы төрт бірдей ХҚКО бөлімшелері жабылып қалған. Оған себеп, кейінгі уақытта алматылықтар арасында электрон­ды форматты мемлекеттік қызмет жұмы­сына сұраныстың арта бастағаны байқа­лыпты. Содан да ол қызметке Халыққа қызмет көрсететін орталықтар қажеттілігі азая бастаған.

Бәрімізге белгілі, қазіргі кезде сандық технологияның құдіреті артып келеді. Өйткені, онымен бүгінде адамдар 450-ден астам әр түрлі мемлекеттік қызметті ала алады екен. Ал осы ретте әу баста негізінен сандық технологиямен жұмыс істеу үшін құрылған ХҚКО-ның жұмысы бірте-бірте керексіз болып барады. Мысалы, ста­тисти­ка бойынша қазір еліміз­дегі кейбір ХҚКО бөлім­шелердегі жұмыс ауқымы ары кетсе орта есеппен 20 опера­циядан аспай тұрса, оның ішінде, тіпті 5-6 опе­рациядан аспай­тындары да кездесе бастаған. Бұл ретте үйден, сондай-ақ, кеңседен шықпастан-ақ «Egov.кz» порта­лынан қажетті сұранысын қана­ғаттандырып жатқан азаматтар қата­ры күн санап артып келе жатқанын байқап та жүрміз.

Осы ретте биылғы жылы ғана Алматы қаласының Алмалы аудандық №2 ХҚКО бөлімшесі (Абылай хан даңғылы, №74 «А» үй), Бостандық аудандық №2 ХҚКО бөлім­шесі (Бабаев көшесі, №33 үй), Жетісу аудан­дық №2 ХҚКО бөлімшесі («Құлагер» ықшамауданы, №59 үй) және Түрксіб аудандық №2 ХҚКО бөлімшесі жабылып үлгерді.

Қорыта айтқанда, қазір Алма­тыда 621 мемлекеттік қызмет ұсынатын мемлекеттік корпора­циялардың 13 майдандық-кеңсесі жұмыс істейді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close