ГРЕК ЕЛІНІҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫМ

Мен Алматы қаласындағы ең мақтау­лы білім ордасы – Шона Смаханұлы атын­дағы №62 гимназиясының ағылшын тілі мұға­лімімін. Гимназия оқушылары да, мұғалімдері де байқауларға тынбай қаты­сады. Және жеңімпаз атанады. Бай­қау­ларға қатысу арқылы өз шама-шарқыңды, бәсекеге қабілеттілігінді сараптайсың.

Білікті басшымыз Атығай Бүркіт­байұлы осы мәселені үнемі қадағалап, назарынан бір шығармайды. Мен де сондай бір байқауға қатысып, «Жүзден жүйрік» атандым. «Edustresm» компа­ниясының ұйымдасты­руымен  өткен байқау  үш бөлімнен тұрып, 5 ай аралы­ғында 1500 жұмыс қаралып, 19 жеңімпаз анықталады. «Менің сүйікті оқу­лығым Excel-5» тақырыбында 5 «а» сыны­бындағы оқушым Нұрланқызы  Еркежан қатысып, 3-орынды иеленді. Марапаттау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыға Алғыс хат, сыйлықтар, мұғалімге диплом беріліп, концерттік бағдарламалар болды. Елордамыздың 20 жылдығына орай Аста­на қаласында «Қазақстан – 2050» Жолда­уындағы көптілділікті мектептерде оқыту» аясында ауқымды республикалық конфе­рен­ция болды. Осы конференция бары­сында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Edu­stresm» компаниясының ұйым­дастыруымен болған республикалық байқау жеңімпаздарын марапаттау болды. Марапаттауға қатысуым маған тың серпілістер әкелді.

Осы байқау аясында мен биылғы 29 қарашаға Греция мемлекетінің Афина қаласында өткен Халықаралық оқу семи­нарына шақырту алдым. Бұл семинарға  байқау жеңімпаздарымен Қазақстанның әр облысынан келген пилоттық мектеп­тердің ұстаздары қатысты. Афина қала­сында 2 күндік семинар болды, жаңар­тылған бағдар­лама  4, 9, 10-сыныптарға арналған оқулық­тарға тұсаукесер жаса­лып, тың ойлар айтылды. Оқулық авторы Jenny Dooleyмен  кездесіп, «Express publіshіng» баспасы­ның құрылымымен, грек елінің оқу жүйесімен танысып, халықаралық деңгейдегі сертифи­кат алдым. Осындай іссапарды, байқауды ұйымдас­тырған «Edustream» компа­ниясының директоры Н Мұхамеджа­новаға және қаламыздың білім бас­қармасына алғысым шексіз. Жыл сайын осындай іс-шаралар ұйымдастырылса оқушы да, мұғалім де шыңдалады деген ойдамын.

 

Гүлдана БЕГИМБЕТОВА,

 №62 гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *