Гольф ойнауды тегін үйретіп жатыр

Оңтүстік астанада   балалар мен жасөспірімдерге гольф ойнауды тегін үйретіп жатыр.

Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен екінші жыл 6-дан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді тегін гольф ойнауды үйрету бағдарламасы өтуде. Сабақтарды бірінші қазақстандық «Нұртау» гольф-клубы академиясының кәсіпқой бапкерлері өткізуде.

Тегін сабаққа қатысу үшін тек «Нұртау» клубына келіп, сауалнама толтыру қажет. Ал одан кейін, қатысу­шы өзіне берілген күні өз тобымен бірге аптасына екі рет, бір сағаттан жаттығу өткізеді (бір адамға барлығы 8 сабақ).

Гольфқа үйрету сабақтары күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін өткізіледі. Жаттығулар таңғы сағат 8.45-тен басталып, артынша келесі топтармен жалғасады 10.00, 14.30, 15.45 және 17.00.

– Барлық сабақтар ақысыз түрде өткізіледі. Біз барлы­ғын керекті жабдық­тармен өзіміз қамтамасыз етеміз. Біздің оқу бағдарламамыз 4 кезеңнен тұрады: олар алысқа және жақын жерге соққылар жасап үйренеді, содан кейін теориялық сабақтар және пат болады. Артынша барлығы чемпионатқа қатысып, тест тапсырады, – деп атап өтті «Нұртау» балалар академия­сының бас бапкері Александр Вонгай.

Оның айтуынша, былтырғыдан қазіргі уақытқа дейін гольф ойнауды 800-ден астам адам үйренген, жоспар бойынша әлі 300 адамды оқыту қажет. Қазір әр топта 13–15 бала жаттығады. Бұл бағдарлама аясында әрбір жет­кіншек тек гольф әдістерін меңгеріп ғана қоймай, дресс-код ережелерін қатаң түрде сақтау, сондай-ақ тәртіпті болуды үйренеді.

Бағдарламаның басты мақсаты – осы спорт түрін елімізде дамытып, жастар ара­сында насихаттау, жас буынды салауатты өмір салтына қалыптастыру  болып табылады. Тегін оқыту сабақтары осы жылдың қараша айына дейін жалғасады. Бағдарлама туралы толық ақпаратты Nurtau.kz сайтынан, балалар академиясы бөлімінен көре аласыздар.

Толық ақпаратты гольф бапкері Александр Вонгайдан біле аласыздар: 8 777 263 85 52.

Айдана ӘДІЛБЕКОВА,

Алматы қаласы ДШжС басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *