Гоген туралы пікір екіге жарылып тұр

Атақты суретші Поль Гоген жөнінде феминистер мен өнертанушылар өлгеніне 100 жылдан соң оны педофиль болған деп айыптауда. Постимпрессионизмнің көрнекті өкілінің еңбегін осынша жыл өткен соң жоққа шығарады деп кім ойлаған?

«Гогенді тамашалауды доғаратын уақыт болды» дейді Океанияда өтіп жатқан көрмесінде аудиогид. «Гогенді тарихтан сызып тастайтын уақыт әлі туған жоқ па?» дейді Нью-Йорк Таймс газетіне шыққан мақалада. Мақалада оның кәмелетке толмаған қыздармен жыныстық қатынасқа барғаны, бір картинасында полинезиялық тұрғындарды «жабайы» деп атағаны негізге алынады.

Шынында да ол 1891 жылы әйелі мен бес баласын тастап, Таитиге кетіп, сонда 13 жасар қызға үйленді. Ал Парижге қайтып оралған соң да заңға қайшы бұл әрекеттерін жалғастыра береді. Оның экзотикалық өмірі С.Моэмнің романына арқау болып, ол тіпті арнайы фильмге айналған.

Р.S. Алайда, оның «Той қашан?» атты картинасы таяуда ғана Катарда 300 млн. долларға сатылып кетті. Бұл әлемдік бейнелеу өнеріндегі рекордтық көрсеткіш. Ресейдің атақты суретшісі Н.Сафронов «Суретшінің өткен тағдырын қазбалап, бүгінгі көзқараспен талқыға салу жөн емес. Әр кезеңнің өз қағидасы бар. Сондықтан оның әркімге ұнауы мүмкін емес. Бүйте берсек, Пушкиннің көп қатын алғанын, Набоковтың да осындай әлсіздіктері болғанын қайтеміз. Сонда олардың бәрін тарихтан өшіреміз бе? Бұл мүмкін емес қой» дейді.

 

Әкесі ішкіш болыпты

Өткен аптада фин пошта қызметкерлерінің бас көтеруі, үкіметтік дағдарыс ел үкіметінің отставкаға кетуімен аяқталды. Өткен сейсенбіден бастап Финляндияның әлемдегі ең жас премьер-министрі болып 34 жастағы Санна Марин сайланды.

Жасына қарамастан ол тәжірибелі саясаткер. Билікке он үш жасында келген ол жергілікті билікте үлкен дәрежеге жетті. 30 жасында фин парламентінің депутаты болды. Бұған дейін үкіметте көлік және байланыс министрлігін басқарды. Енді, міне, экс премьер-министр А.Ринне оған орнын босатты.

Санна Марин 1985 жылы Хельсинкиде өмірге келді. Отбасы жағдайы өте нашар болды, әкесі көп ішті. Мектепте жүргенде наубайханада істеп, сонсоң дүкенде кассир болды. Тампера университетінде оқи жүріп, саясатпен айналысты. Оның бітірген мамандығы әкімшілік басқару. Жасына қарамастан ол басқаруға келгенде қатаң болды.

Ол тұрмысқа шыққан. Қызы қаңтарда екі жасқа толады. Ол әзірге балабақшаға бармайды, әкесі декреттік демалыста. Бұл Финляндия үшін қалыпты жағдай.

 

Ақ үйде күлсалғыш қалдырмаған

АҚШ-та адам денсаулығына айрықша мән беріледі. Кез-келген тұрғын өзінің денсаулығына немқұрайды қарай алмайды. Әсіресе, билік өкілдері бұл жағына келгенде мәттақам.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон темекі тартқанды жақсы көрген екен. Ал оның әйелі Хилларидің өз денсаулығын күтуге зор жауапкершілікпен қарайтыны сондай, Ақ үйге келісімен күлсалғыштардың бәрін жоюға пәрмен берген. Ол таяуда 73-ке толады. Бірақ әлі де президенттіктен үміткер.

Қазіргі президенті Трампты жиі тексеретін дәрігерлер оның холестерині үнемі жоғары болатынын айтады. Оның басты себебі – фастфудқа құмарлығынан көрінеді. Өкінішке орай бұл тағам түріне бүгінде сұраныс артып тұр.

 

Қасқырды шектен тыс қорлаған

Танымал кеңес мультфильмі «Тұра тұр, бәлем!» («Ну, погоди!») моральдық нормаларға жауап бермейтін аса қауіпті мультфильм деп танылды. Бұл жөнінде британиялық Би-Би-Си компаниясы мәлімдеді. Американдық Дисней компаниясы өзінің ескі мультфильмдерін іріктеуден өткізген тұста, осы мультфильмді де назарға алған. «Тұра бұр, бәлемде!» зорлық пен қаталдық нышандары көп кездеседі екен. Айталық, мультфильмде қасқырды қорлау шектен шығып кеткен. Сонымен қатар, фильмді жасаушылар гендерлік дисбалансты сақтамаған. Әйел бейнесі онда жоқтың қасы. Бар болса ботқа шошқа ғана. Сондай-ақ, бұл фильмде сексизмге өрескел жол берілген. Ең бастысы, қоянның жынысы кім екені түсініксіз?

Д.ҚОНЫС.  

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *