«Global Finance» нұсқасы бойынша ForteBank биыл да үздік қаржы ұйымдарының қатарында

 

12 наурыз күні Нью-Йоркте «Global Finance» журналы жыл сайынғы дәстүр бойынша 26-шы рет әлемнің үздік банктерін салтанатты жағдайда марапаттады.

«Global Finance» журналының ұжымы қарқынды өсу, инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру критерийлерін негізге ала отырып, жыл сайын 150-ден астам елдегі үздік қаржы институттарына зерттеу жүргізеді және таңдайды. Биыл да оңтайлы және ыңғайлы сервистерімен және керемет бизнес нәтижелерімен бірқатар банктер лауреат деп танылды. Халықаралық басылымның оң көзқарасына ие болған қаржы ұйымдарының арасында қазақстандық Forte банкі бар.

Салтанатты рәсімде банктің басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили былай деді: «Біз үшін Global Finance журналының марапатын алу – үлкен құрмет. Бұл марапатты екі жыл қатарынан иеленуіміз біздің тұтынушыларымызға тиімді қызметімізді және стратегиямыздың дұрыс таңдалғанын растайды. Банк өзінің клиенттеріне үздік инновациялық өнімдерін ұсына отырып, капиталының жеткіліктілігі мен өтімділігі бойынша нарықта көшбасшылық позициясын сақтап қалады. Біз 2018 жылы барлық қаржылық және операциялық көрсеткіштер негізінде айтарлықтай өсімге қол жеткізіп, активтер мөлшері бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің топ-3 құрамына кірдік. Ал бұл жетістігіміз халықаралық сарапшылар тарапынан бағаланғанына қуаныштымыз».

Айта кетейік, «Global Finance» талдаушыларының пікірінше, ForteBank жеңісін анықтаған негізгі факторлар нарықтық позицияларының күшеюі, географиялық қамтуы және клиенттер үшін үздік инновациялық қызмет көрсетуі болып табылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *