Үгіт-насихаттық материалдарды ұсыну тәртібі

«Алматы ақшамы» газеті» ЖШС сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау тәртібі туралы құлағдар етеді.

   Материалдардың мәтінін саяси партиялар немесе үміткер дайындайды. Газет беттерінен орын ұсыну туралы келісім үміткер мен газеттің жазбаша жасалған келісім-шарты негізінде жасалады.

          Кандидаттың өтінішіне сай газет бетінен орын беру материал жазбаша түрде берілгеннен кейін қаралады. Кандидаттардан өтініш мына мекен-жай бойынша: 050022, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 106 А, 2-қабат, 3-бөлмеде қабылданады.

          Материалдардың жариялануының кезегін редакция журналға тіркелген жазбаша өтініштің негізінде белгілейді. Материалдарды газет бетінде орналастыруды редакция өзі шешеді. Материалдарды басып шығару 100 пайыздық алдын-ала төлем жасағаннан кейін іске асады.

          Кандидаттар немесе олардың сенімді өкілдері газетке ұсынатын материалдарының мәтінін жарияланымды қажет ететін уақыттан екі күн бұрын тапсыруы қажет.

          Үгіт-насихат материалдарының мәтіні кандидаттың немесе оның сенімді өкілінің қол қойылуымен қағазға басылған күйінде тапсырылуы тиіс және электронды түрде (диск, флэшка) қайталануы қажет. Басылған материалдар нұсқасының берілген күні, уақыты, қаржы көзі  көрсетіліп, материал екі дана етіп тапсырылуы керек. Редакция қызметкері тапсырылған екі дана материалды қабылдағаны жөнінде күні мен уақытын және атқаратын қызметі мен аты-жөнін көрсетіп, қолын қойып белгі соғады. Бұл жөнінде тіркеу журналына алынып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қолын қояды. Оның бір данасы редакцияда қалдырылып, екінші данасы кандидатқа немесе сенімді өкілге қайтарылады.

          «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін үгіт-насихат материалдары қабылданбайды және жарияланбайды. Кандидат немесе сенімді өкіл материал жарияланғанға дейінгі екі күн ішінде кешіктірмей редакция көрсеткен ақыны төлеуі тиіс.

          Газеттің баспа бетінде кандидаттың сайлау қоры есебінен ақ-қара түсті бетте орналастыруы үшін төленетін ақысы – әрбір шаршы см. үшін қосымша құн салығын қосқанда – 600 (алты жүз) теңге, түрлі-түсті беттегісі әрбір шаршы см. үшін қосымша құн салығын қосқанда – 800 теңге. Бұл бағалар газеттің ішкі беттеріндегі өлшем, ал бірінші және соңғы беттер 2018 жылғы бекітілген прейскуранттарға сәйкес жүргізіледі.

          Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комитеті үгіт-насихат материалдарын жариялау тәртібі бойынша нормативтік-құқықтық актілер қабылдаған жағдайда тиісті акт нормалары күшіне енеді.

 Қали Сәрсенбай

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *