Гимнастшы қыздың арманы

Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектептің 2-сынып оқушысы Мархаба Жұмагелді бала кезінен спортқа әуес болып өскен.

Спорт саласына қызығу­шылығын оятқан анасы екен. Ол 5 жасынан бастап көркем гим­настика мектебінде оқып, еліміз­дің шебер жаттықтырушы­ларынан тәрбие алды. Халық­аралық түрлі жарыстарға қаты­сып, өз бағын сынады. 2015 жылы «Достық» көркем гимнастика мектебінде өткен халықаралық турнирде, 2015 жылы Алматы қаласында өткен «Айсұлу» көркем гимнастикада, 2017 жылы «Сыр жұлдыздары» атты облыс­тық ашық чемпионатта жекелей және топтық бағдарлама бойын­ша жүлделі орындарға ие болды.

Мархаба тек спорт саласында ғана емес, мектебінде де ең үздік, үлгілі оқушылардың бірі. Өз қатарластарынан озық ойы мен зеректігімен дараланып жүретін талантты оқушы. Бос уақытында кітап оқығанды және спортпен шұғылданғанды жаны сүйеді. Болашақта еліміздің белгілі гимнасты Әлия Жүсіпова сияқты еліміздің атын шығаратын таны­мал гимнаст болуды армандайды. Мархабаның болашағы жарқын боларына кәміл сенеміз

 

Қарлығаш ҮЙСІМБАЕВА,                                                                                          №181 мектеп.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *