Геннадий Головкиннің 22 нокауты

20160821172637

Қазақстандық атақты боксшы, орта салмақтағы WBA(Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша  әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен IBF нұсқасындағы титул иегері британдық Келл Брук (36-0, 25 КО) арасындағы жекпе-жек көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлайтын болады.

 Бұл туралы «GGG» тобының ВКонтакте әлеуметтік желісінде хабарланды.

«Келл Брук бокстың жоғары интеллектіне ие, ол жеңілістің ащы дәмін татпаған, ол чемпион әрі өз «үйінде» шаршы алаңға шыққалы отыр. Сондықтан да, бұл мен үшін үлкен сынақ болғалы тұр», — деп жазады алдағы айқас туралы жерлесіміз Г.Головкин.

Айта кетерлігі, бұған дейін Келл Брук батыс баспасөзіне берген сұхбатында алдағы жекпе-жегінде жеңілуді білмеген Головкинді нокаутқа жіберіп, әлемді «дүр сілкіндіретінін», осылайша қазақстандық боксшының барлық белбеулері мен титулынан айыратынын айтқан еді.

«Мен әлемді дүр сілкіндіремін, сондықтан кейіннен маған таң қалмаңыздар. Мен жеңілмейтін Головкинды тізе бүктіріп, оның барлық белбеулерін тартып аламын», — деді К.Брук.

Әйтсе де, бокстың тісқаққан сарапшылары жеңістің Головкинде болатынын алға тартады. Бұл 34 жастағы Головкинның биылғы жылғы екінші жекпе-жегі. Бокстан орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBO, IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) қыркүйектің онында Лондонның «О2» аренасында өтетін айқастың нағыз фавориті болып қала бермек.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен британдық боксшы Келл Брук арасындағы айқас 10 қыркүйекте Лондон қаласындағы 20 мың адамға арналған «O2» аренасында өтеді. Шаршы алаңдағы шеберлер өнерін бүкіл әлемдегі миллиондаған «GGG» жанкүйерлері тағатсыздана күтіп отырғанын еске салғымыз келеді. Айта кетерлігі, Лондонда өтетін Головкинның кезекті жекпе-жегіне билеттер әп-сәтте сатылып кеткен. Ал жерлесіміз Геннадий өзінің осынау кездесуін келіп тамашалау үшін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың атына арнайы шақырту хатын да жолдаған болатын.

Айта кеткен жөн жерлесіміз Головкин 24 сәуірдегі соңғы айқасында чемпион белбеуіне үміткер америкалық Доминик Уэйдті тізе бүктіріп, WBA нұсқасында 16-ы рет чемпиондық титулын сәтті қорғағаны есте. Суперчемпион, жеңімпаз GGG соңғы айқасында Уэйдті екінші раундта нокаутқа жіберіп, өзінің ең үздік жекпе-жектерінің санын арттырған болатын.

http://www.inform.kz/kaz

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *