Гендерлік саясат деген әйелдің атқа мінуі ме?

Молдахмет ҚАНАЗ, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:
– Қазір мемлекеттік басқару жүйесі шама-шарқынша жұмыс істеп тұр. Анығы, бұл жүйе ақсақалдың ақылына зәру емес. Ақсақалға зәру аса күрделі іс – мемлекетіміздің түбегейлі даму бағыты. Ақсақалдарымыздың бар жұмысы осы жерде.
Мәселен, шет елдегі қандастарымызды елге жеткізудің қарқыны неге бәсеңдеп қалды? Қазақ өсуге тиісті емес пе? Әлі күнге дейін неге мемлекеттік идеологияның тұғыры анықталмаған? Гендерлік саясат деген әйелдің атқа мінуі ме? Отағасына кім қарайды? Кім ұрпақ өрбітіп, тәрбиелейді? Аса қатаң қанішерлер – жас балаларды зорлаушылар мен мемлекет қаржысын ұрлағандарға неге жаза жеңіл? Жұмыссыздықты қалай азайтамыз, тағысын тағылар…
«Жиналыстарды азайту мәселесіне жиналыс ашайық» демекші, мәселе ненің болса да, атында емес, затында.

(«Түркістан», 15.08.2019.).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *