ГАЗЕТ ШЫҒАРҒАН КІТАП ҚҰНЫ – 5 МЫҢ ТЕҢГЕ

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Тасқа басылған әрбір хат күні ертең мұралық дүниеге айналады. Уақыт өте келе оларды мұрағаттардан тауып жатасың. Бірақ барлық құн­ды нәрсе қымбатқа түседі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын «Алматы ақшамы» газеті әр жылдары қала­мызды басқарған тұлғалар туралы тарихи-эпистоляр­лық очерктер сериясын жария­лап, ол оқырман­дардың үл­кен қызығу­шылығын тудыр­ған болатын. Жарияланған мақалалар топтамасы жи­нақ­тала келе қомақты кітап­тың жүгін атқаратын дәре­жеге жетті. Терең ой уақыт сынынан өте келе, оқырман сұранысына сай, «Арна В» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде «Алматыны басқарғандар» – «Градона­чаль­ники Алматы» деген атпен жарық көрді.

Қазір сол кітаптар қас­қал­­дақтың қанындай болып тұр. Жарық күнде майшаммен іздеп таппайтын сол кітапты жақында Алматының ескі-құсқы заттар сататын базарынан көріп қалдық. Бағасы да анау айтарлықтай, 5 мың теңге! Демек, осыған қарап, кітап оқылмайды емес, жетпейді екен-ау деп ой түйдік.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *