Газбен жүретін «іveco» маркалы  автобус сынақтан өтуде

Итальяндық «Іveco» компаниясы газбен жүретін автобустарын таныстырды. Төмен еденді автобустың ұзындығы – 12 метр.  Сыйымдылығы  100 жолаушыға арналған қоғамдық көлікте кондиционер, пандус және  бейнекамера орнатылған.

Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исаховтың айтуынша, газбен жүретін автобус  үш ай бойы «Қа­зақ­стан» қонақ үйінен «Медеу» мұз  айды­нына дейін баратын №12 бағыт бойын­ша  қызмет көрсетеді екен.

–       Бұл автобус­тар әлемдік нарықта өздерін жақсы қыры­нан көрсетті. Десек те, біз оны Алматы жағдайында тексеріп көр­мек­піз.  Алматы әкімінің тапсырмасы бойын­ша қалада көлік реформасы аясында газбен жүретін  автобустарға қатысты қажетті инфра­құрылым жасалуда. Жүйенің ашықтығы қамтамасыз етілген. Бүгінде Алатау ауда­нында 200 автобусқа  арналған автопарк­тің  құрылысы жүргізіліп жатыр. Бағасына, сапасына  қатысты барлық мәліметтер алынған соң,  тасымалдаушылар бұл авто­бустарды алатын болады, – деді М.Исахов.

Ал «CNH Іndustrіal» компаниясының өңірлік менеджері Роберто Бонзо  авто­бустың Алматыға Еуропадан әкелінгенін және барлық жоғары сапалы стандарттарға сай екенін атап өтті.

–       Егер Алматының тасымалдаушы компаниялары біздің  өнімді құптап жатса, біз Қостанай қаласындағы зауытта жаса­лып, құрастырылатын отандық  автобус­тарды ұсынатын боламыз. Мұнда тиісінше ұтымды  баға мен шартты жағ­дайлар да болады, – деді «Сарыарка­АвтоПром»  ЖШС-нің  басқару­шы дирек­торы Орудж Назаров.

Еске салсақ, №12 бағытында газбен жүретін «Mercedes-Benz» маркалы автобус да тесттен өтуде.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *