Газбен жүретін 200 жаңа автобус жолға шығады

Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы құрамды жаңарту, қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жұмыстары жалғасуда. Осылайша маусым айында қала көшелерімен газбен жүретін төмен еденді 200 автобус жүйткімек. Биыл барлығы 460-тан астам жаңа автобус алу жоспарланған.

Жаңа автобустардың сыйым­дылығы үлкен әрі кондиционер, пандус және бейнебақылау ка­мералары орнатылған. Бүгінде «Ал­матыэлектротранс» ЖШС  ор­­натқан камералар арқылы жүр­гізушілерді де бақылауға бо­лады. Орын алған тәртіп бұзу­шы­­­лық тәртіптік кеңесте қара­лады.

Ең бастысы, жолақысын қолма-қол төлемінсіз, «Оңай» жүйесін енгізу арқылы қаланың автобус парктері 80 пайызға жаңарды, көлеңкелі айналым­дағы қаржы көзі жойылды.

Сонымен қатар, бұрын авто­парктер бюджет қаржысы есе­бі­нен жаңарса, қазір та­сымал­дау­шылар өз қаржы­ларын инвес­ти­циялауға мүм­кіндік беретін ашық  нарықтық механизмді ұтымды қолданып келеді. Жыл басынан бері №65, №60, №14 ба­ғыттар бойынша 125 жаңа авто­бустар жүре бастады.

Жалпы, Алматыда көлік реформасы аясында екі жылдың ішінде қаланың автобус паркі 80 пайызға жаңарып, еліміздегі алғашқы BRT желісі жұмыс істей бастады. Каршэринг қызметі енгізіліп, метроның екі станса­сының құрылысы жалғасуда және LRT қолға алынды.

Бұдан өзге, 15 сәуірден бастап қалада 120-дан астам көшені орташа жөндеу баста­лады. Қала­ның 14 ықшамау­данындағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады. Ең бастысы, жөндеу жұмыстары қоғамдық көліктің жүру кестесі мен бағыт қозғалысына кері әсерін  тигіз­бейді. Кептелісті болдырмау үшін жолды  толық жабу тек түн мезгілінде ғана жүргізіледі.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *