Гауһар МЫРЗАБЕКОВА, «Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің жетекшісі, ҚР Халық әртісі: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛЫ МЕН ӨМІР САПАСЫ – БАСТЫ БАҒДАР

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауларының, бағдарламалы мақалаларының негізгі түйіні – Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайының дұрыс қалыптасуы. Елбасы өзінің соңғы Жолдауында «Мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерінің барлығын толықтай орындайды» деген болатын. Осы бағытта Президент Қазақстан азаматтарының өмірін жақсартуға бағытталған «Бес әлеуметтік бастамаларды» да жариялады. Бұл бағдарлы мақалада бірінші және екінші бастамалар «Отбасылар үшін тұрғын үй барынша қолжетімді жасау» және «Төмен ақылы қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін салық ауыртпалығын азайту» деп аталды. Жалпы, Елбасы Жолдаулары мен мақалаларындағы мемлекеттік бағдарламалардағы әлеуметтік мәселелердің орындалуы мемлекеттің дамуының негізі болып табылады.

Халқы әлеуметтік жағынан қорғалмаған, экономикасында бірінші кезекте әлеуметтік мәселелерді шешпеген мемлекет әлсіз болады. Бұған дәлел ретінде бірнеше мәселеге тоқталуға болады. Әдетте әлеуметтік мәселесі толықтай шешілмеген мемлекетте өркениетке ұмтылу, инновациялық даму баяу болады. Себебі, бұқараның әлеуметтік мәселесі шешілмесе, сол бұқара күнделікті күйбең тірліктің (күнкөріс, нан табу, т.б.) жетегінде жүріп, ғаламдық үдеріске ілесе алмайды. Ал заман талабымен дамымаған қоғамда жаңашыл буын қалыптаспайды. Жаңашыл буын дегеніміз кім десек, олар жан-жақты білімді, ғылым мен технологияны меңгерген, сонымен қатар, ұлттық әдебиет, тарих, мәдениеттен барынша сусындаған, патриоттық негізі қаланған ұрпақ. Ал бұндай ұрпақ тәрбиелеу үшін әлеуметтік-экономикалық мәселесі шешілген қоғам қалыптастыру қажет.

Енді әлеуметтік мәселе дегенге келсек. Елдің әлеуметтік мәселесі дегенге қоғамның баспана мәселесінен бастап, білім беру, жәрдемақы, зейнеткерлік, демографиялық ахуал, қоғамдық қызмет көрсету, қоғамдық көлік, коммуналдық қызмет, қолжетімді денсаулық сақтау, т.б. ондаған мәселе кірсе керек. Міне, осындай әлеуметтік мәселелер шешілген қоғамда ата-аналардың алаңсыз бала тәрбиесімен айналысуына, яғни тәуелсіз мемлекеттің патриот буынын қалыптастыруға мүмкіндігі болмақ. Ал жас буын қолжетімді білім алып, жан-жақты дамып, қалаған мамандық иесі бола алады. Өндіріс пен рухани сала қатар дамыған мемлекетте барлық мамандық сұранысқа ие болатыны белгілі. Бұл дамыған қоғам заңдылығы. Екінші заңдылық жан-жақты дамыған мемлекетте жұмысшы мамандығынан бастап жоғары лауазымды қызметке дейінгілердің еңбекақысы қатар, тіпті жұмысшы мамандығына сұраныс көп және еңбекақысы жоғары болады. Сондықтан кәсіби дамыған елдерде жұмысшы мамандығына сұраныс жоғары. Осыдан әлемде «еңбек миграциясы» қалыптасқан.

Елбасының әрбір Жолдаулары мен бағдарлы мақалаларында айтылатын әлеуметтік экономикалық жағдайды жақсарту мемлекеттің іргетасын бекітіп, дамуын үдерісті ету болып табылады. Және де Президент әркез мәселені көтеріп қана қоймай, оның шешілу жолдарын көрсетіп береді. Ал бізге Елбасы Жолдауларын, тапсырмаларын өміршең қылу керек.

Ақшамның анықтамасы

Гауһар Құрманбекқызы МЫРЗАБЕКОВА

  • ҚР Халқы әртісі, скрипкашы.
  • ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
  • ҚР Білім беру ісінің үздігі, профессор.
  • «Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік классикалық музыка ансамблінің негізін салушы, жетекшісі.
  • «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *