Гүзел боз кiлемге оралды

99-4817-5Лондон Олимпиадасында Алматы қаласы атынан жалғыз жүлдегер атанған балуан қыз Гүзел Манюрова боз кiлемге қайта оралып, халықаралық додаларға қатыса бастады.

Халықаралық аренадағы белдесуiн Польшада бастаған Г.Манюрова осы елде өткен Poland Open турнирiнде өнер көрсеттi. Халықаралық жарыстың финалына жеткен Гүзел ақтық сында канадалық Эрике Вибеден жеңiлiп қалды. Гүзел Манюрова 72 кг. салмақта турнирдiң күмiс жүлдегерi атанды. Тағы бiр балуан қызымыз Татьяна Аманжолова да 48 келi салмақта күмiстен алқа тақты.

Олимпиада жүлдегерi Гүзел Манюрова дүбiрлi додадан соң Қазақстанның қыздар құрамасына бас бапкер болып тағайындалған болатын. Елiмiздiң қыздар күресiн дамытуға кiрiскен Гүзел бiр жылдай белдесуге шықпай кеткен. Бабындағы балуан қыз боз кiлемге қайта оралып, халықаралық додада күмiс олжалап отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *