Француздарды таңдай қақтырған оркестр

әйел-аналарға әсем әуен сыйлады

Алатау дәстүрлі өнер театры концерттік залында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 8 наурыз – Халықаралық әйел­дер күніне арналған «Әсем әуен» атты шығар­машылық кеші өтті. Кештің өтуіне ұйытқы болып, оған тікелей қолдау көрсет­кен – еліміздің өнерсүйер азаматы, «Ақор­да» республикалық қозғалысының төрағасы Қайрат САТЫБАЛДЫҰЛЫ.  

Аталмыш шараға қала қонақтары мен шаһар тұрғындары және публицист-жазушы Нағашыбек Қапалбеков, «Ақорда» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары Қанат Мұсақұлов қатысып, өнерпаздардың өнерін тамашалады.

Салтанатты шара Х.Зиммердің «Пираты Карибского моря» кинофильмінің саунд­трегімен ашылды. Оған Жексен Айсын дирижерлік етті. Одан кейін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Нұрғиса Дәуешов сөз алып, ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерді және оркестр құрамындағы әртістерді айтулы мерекесімен құттықтай келіп:

– Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді дейтін болсақ, оркестр өнерпаздары бір қолымен домбыра, қобыз­ды тербете отырып, сіздерге бүгін өз өнер­лерін көрсетпек. Және бір айта кетерлігі, Елбасы Жолдауында ұлттық өнерімізді әлемге паш етіп, таныту керек деген болса, бүгін  «Рухани жаңғыру» аясында өткізіліп отырған Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің жаңа бағыт­тағы концерті соның нәтижесі. Оркестр Парижге барып, французша ән шырқап, француздардың өзіне таңдай қақтырып қайтты, – деді.

Расымен де, сахна қазіргі заман талабы­на сай ерекше безендіріліп қана қоймай, әр әннің табиғатына орай түсірілген экран­дағы видеороликтер көрермендердің патша көңілінен ерекше орын ала білді. Сонымен қатар, киелі сахна мен өнерді сүйетін көрер­мендер арасында ерекше байланыс орнады. Оркестр халықтық музыкалармен қатар, әлем халықтарының туындыларын нақышына келтіре орындаса, «Заман» тобы мен Дәурен Сейітжанов, Б.Қохаманов, Тамара Асар оркестрмен қосылып қазіргі заман әндерін шырқап берді.

Көрермендер концерттен ерекше әсер алып, өнерпаздардың шығармашылығына риза болып тарасты.

 

Шұғыла ОЛЖАС.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close