Француз тілін ойлап отыр

 

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуроодаққа Ұлыбританияға кіргенге ресми мәртебеге ие болған фран­цуз тілінің сол мәртебесін сақтап қалуды ойлап отыр. Француз көшбас­шысы 1973 жылды еске алып отыр. Ол кезде одақтың іс-қағаздары француз тілінде жүрген болатын. Бұл жерде ол ағылшын тілінің беделіне ешқандай күмән келмейтінін де айрықша атап өтті. Оның ойымен Еурокомиссияның төрағасы Жан Клод Юнкер де келісіп отыр.

Қазіргі таңда ағылшын тілі Еуроодақ тұрғындарының 12,8 пайызын қамтиды. Алайда, ол Еуроодақтың 1,2 пайыз халқы тұратын Ирландия мен Мальтада ресми тіл болып есептеледі. Осылайша ағылшын тілі Еуропа білім мекемелеріндегі ең оқы­лымды тіл болып қала бермек. Еуро­одақ құ­жаттарының 81 пайызы ағылшын тілінде.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *