ФАРИЗА ӨЛЕҢІНЕ ДЕГЕН ІҢКӘРЛІК

Дәстүрге айналған «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты республикалық Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу және ақын өлеңдеріне жазылған әндерден балалар мен жасөспірімдер арасында өткен байқау жеңімпаздары белгілі болды.

Рая ЕСКЕНДІР

 

«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, талай таланттар өз өнерлерімен көпшіліктің көзайымына айналды. Шын мәнінде талай бұлақтың көзі ашылды.

Осы байқауға қатысып, бағы жанған жеңімпаздардың бірі, көркемсөздің шебері Айша Зәңгірова – қаламыздағы №173 мектептің Айна Мергенбаева жетекшілік ететін 4 «ә» сыныбында оқиды. Айшаның табиғатынан әдебиетке жақын болып өсіп келе жатқаны байқалады.

Фариза ақынның өлеңдерін нәшіне келтіре оқыған Айшаның ана тілінің құдіретін, сөздің киесін терең түсінетінін бірден байқаған қазылар алқасының төрайымы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова былай деді:

– Осындай байқаулар өткізудегі басты мақсатымыз – балаларымыз ана тілінің қадір-қасиетін бойларына сіңіріп, аға ұрпақты танып-біліп өссе дейміз. Айша да біздің ойымызды дөп басты. Ана тіліне, ақын апасының өлеңіне деген сүйіспеншілігі оның нағыз елін, тілі мен ділін құрметтейтін патриот екендігін дәлелдеп тұр.

Міне, осындай танымал кісілер тұсауын кескен Айша тағы да байқауларға қатысам деп отыр.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *