«Еврорейтинг» үздіктері анықталды

502Жақында Еуро­паның ғылыми-өнді­рістік пала­тасы жоғары оқу орындары ара­сын­дағы академиялық рей­тинг  – Еуропалық стан­дартын  (Academіc rankіng of world unіversіtіes-European standard ARES) жария­лады. Әлем бойынша 2678 университет қатысқан рейтингтің 23-і қазақстандық оқу орындары екен. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ қазақстандық оқу орындары арасында көш бастаған бестіктің қатарында тұр. Сондай-ақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, ҚарМТУ, ИнЕУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бар.  

Рейтинг Еуроодақтың жуырда енгізілген стан­дарт­тарына сәйкес, жоғары оқу орындарына арнал­ған талаптар бойынша өтті. Университеттер аймақ­тарға бөлініп, 9-баллдық  халықаралық жүйе бойын­ша сараланды. Қазақстандық 5 оқу орны «BBB+» ratіng – «suffіcіent һіgһ rankіng» (айтарлықтай жоғары) тобына енді.

«Еврорейтинг – 2013» басқа да рейтингтік агенттік­термен жұмыс істей отырып («ARWU», «QS» секілді), желі­лік жүйені қолданды. Сондай-ақ, Еуропалық параметрлер университеттің аймақтағы рөлі, ғылыми және оқу процестерінің мониторингі, оқу процесінде ақпараттандырудың жаңа заманауи технологияларын пайдалану, оқыту сапасын бағалауда студенттің рөлі, түлек­терінің сұранысқа ие болуы, ақпараттандыру, про­фессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін көтеру деңгейі, Еуропалық сауда-өнеркәсіптік палатасынан және Еуроко­миссиядан, т.б. алған марапаттары, еуропалық акаде­миялық ғылымға мүшелігі есепке алынды.

Рая ЕСКЕНДІР

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *