Еуропалық компаниялар көлік реформасына қатысуға ниет білдірді

 

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірінші вице-президенті  Юрген Ригтеринкпен кездесті. Тараптар мегапо­листегі  ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірігіп жүзеге асыру мәселелерін талқы­лады.

Бүгінгі күні ЕҚДБ экономикалық реформаларды жүзеге асыру мен инфрақұрылымды дамытуда  еліміздің жетекші қаржы  серіктесі болып табылады.  Юрген Ригтеринк ЖРК  және ЖЭО-2-ні газдандыру жобалары  банктің әлеуметтік және экономикалық бағыттағы стандарт­тарына сай келетінін айтты.

Мегаполис басшысы көлік жүйесін басқаруда әлемдік көшбасшылардың  біріне айналған және қоғамдық көлікті пайдалануда сандық жүйенің кең спек­трін ұсынатын француздың «Transdev» компаниясы басшылығымен де кездесті.

Латын Америкасы, Оңтүстік Еуропа, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы «Transdev» тобының президенті  Бруно Шаррад қаланың көлік реформасын жүзеге асыруға  белсенді түрде қатысуға және осы істегі  ынтымақтастыққа қызы­ғушылық білдірді.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *