Еуразиялық Одақ: қаржы институттары Астанаға ағылады

Өмірзақ МҰҚАЙ

    

Мамыр айында Сочи қала­сында өткен Жоғарғы Еура­зиялық экономикалық ке­ңес­тің кезекті отырысында. Нұрсұлтан Назар­баев Одаққа қатысушы елдер арасын­дағы эконо­микалық инте­грацияның болашағы мен нәтижелері туралы елді елең еткізер пікірлерін айтты.

 Қазіргі таңда халықаралық, өңіраралық интеграциялық процестердің, қатысушы мемле­кеттердің өзара байланысының маңызы зор. Сочиде өткен бұл жолғы жиынның негізгі тақы­рыбы – экономика. Жасыратыны жоқ, тәуелсіз мемлекеттер ара­сындағы интеграциялық қарым-қатынастардың өзіндік пробле­малары болып тұрады. Себебі, әр ел өзінше дербес, тәуелсіз.  Көп жағдайда ортақ экономикалық мүдделер екінші планға ығысып жатады.

Жиында сөз сөйлеген Қазақ­стан басшысы интеграциялық процестердің қатысушы әр мемлекеттің экономикалық өсі­міне айтарлықтай әсер ете­тініне тоқтала келіп:

– Экономикалық өсімге ауыл­шаруашылығы мен өнер­кәсіп сияқты стратегиялық салалар­дағы оңтайлы ырғақ әсер етті. Сыртқы, сондай-ақ өзара сау­дада оңтайлы үрдістер бар. Өткен жы­лы қатысушы елдер арасын­дағы ішкі сауда 24,4 пайызды құраса, биылғы нәтиже 26,1 пайыз болып отыр. Осы ырғақты сақтау қажет, – деп атап көрсетті.

Сондай-ақ, қазақ басшысы ірі инфрақұрылымдық мегажо­баларды жүзеге асырудың мүм­кіндігінің қажеттілігіне де баса тоқталды. Ең алдымен Еуразия­лық даму банкі мен Бірлестіктің қызметін тұрақтан­дыру мен дамытудың еуразия­лық қорының рөлін арттыру керек.

– Бұл орайда ірі жобаларды жүзеге асыруда жетекші рөл атқаратын құрылымдар да осы екеуі, – деді Елбасы.

Енді Сочиде өткен жиында Қазақстанға байланысты қандай мәселелер көтерілді, дегенге келелік. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық Одақ жұмысына ЭКСПО-2017 кешені базасында құрылған 3 халықаралық орта­лықты пайдалану туралы ұсыныс айтты.

– Еуразиялық Одақ елдерінің қаржы институттарын «Астана» Халықаралық қаржы орталы­ғының мүмкіндіктерін пайда­лануға шақырамын. Одан да басқа ЭКСПО аумағында Еура­зиялық Одақтың қаржы блогы­ның шараларын өткізудің де мүмкіндігі бар. Олардың ішінде қосалқы және кеңес орган­дарының отырыстарын баса айтар едім. Соған сәйкес сандық күн тәртібін жүзеге асыру ауқымында болашақ Халық­аралық технопарк базасында «Еуразиялық Одақ ауқымындағы сандық жобалар мен баста­маларды басқару кеңсесін» құру­ға да болады, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Сочиде өткен Еуразиялық Одақ жиынының тағы да бір қырын айта кетуге тиістіміз. Соның алдында ғана Одаққа мүше елдердің бірі – Арменияда үкімет ауысып, премьер-министр­лікке Никола Пашинянның тағайын­далғаны да белгілі.

Іс жүзінде тастан басқа бай­лығы жоқ Армения сияқты елдің Еуразиялық Одаққа мүше болуы-болмауы төңірегінде біраз дау­дың болғаны да өтірік емес. Соған қарамастан Еуразиядық Одақ басшылығы тоқымдай ғана Арменияны өз одақтарына қосты. Оны артық салмақ санау­шылар да болған.

Дегенмен, қаншалықты эко­номикалық қана сипатта құрыл­ған құрылым десек те, Еура­зиялық экономикалық одақтың саяси сипаты болуы да заңды. Арменияның Одаққа қабыл­дануының бір сыры осында. Оның үстіне Никола Пашинян – бұрынғы оппозиционер. Ол үкімет басына кең ауқымды азаматтық қарсылық барысында келді. Соған сәйкес Пашинян өзін бірсыдырғы басылыңқы ұстады.

Қалай десек те, Одақтағы әріп­тестері Арменияның жаңа үкімет басшысынан интеграция­лық про­цестерді одан әрі терең­детіп, Одақ­тың эконо­микалық әл-ау­қатын арттыратын өзара қарым-қатынасты күшейтуді күтеді.

Биылғы Сочи жиынының бір жаңалығы да осы.

Аталмыш жиынға байланысты тағы бір жәйтқа тоқтала кетуге тиістіміз. Одақтың кез-келген отырысында Қазақстан басшы­сының беделі менмұндалап тұра­тыны өтірік емес. Әрі Нұр­сұлтан Әбішұлының әр сөзі Еуразиялық Одаққа мүше басқа мемлекет басшыларының ерекше назарына ілігіп, негізінен қолдау тауып жатады.

Бұл жерде қазақ басшысының осы құрылуы аса оңайға соқ­паған институттың басиесі, яғни бастамашысы екені тағы рас.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығы кеңістігіндегі барлық елдер президенттерінің ішінде өзіндік орны мен беделі бар қазақ бас­шысының Сочиде өткен жиында сөйлеген сөзі де жиналғандардың көңілінен шықты деуге толық негіз бар.

Нұрсұлтан Әбішұлы бұл жолы да көңілге де, көкейге де қонымды пікірлер білдірді.

Қазақ басшысының пікірінше, алдағы уақытта Еуразиялық Одаққа қатысушы мемлекеттер арасындағы байланысты нығайту үшін транспорт-логистикалық потенциалды кеңінен қолданып, күшейту керек.

Еуразиядық Одаққа мүше мемлекеттер арасында теңізге шыға алмайтындары да аз емес. Солардың бірі  – Қазақстан.

Бұл орайда Нұрсұлтан Назар­баев:

– Қара және Каспий теңіз­дерін байланыстыратын су жолы болып табылатын, кеме жүзетін «Еуразия» кеме каналын салу ең болашағы зор жобалардың бірі болар еді, – деп атап көрсетті.

Іс жүзінде теңізден оқшау жатқан мемлекеттердің ішінде тек Қазақстанның ғана Қара теңіз бен Балтық теңізінде жалға алынған порттары бар. Дегенмен, Қазақстан сияқты аграрлы өнімі мен шикізат қоры мол мемлекет үшін ол да аздық етеді.

Қазақ басшысының Сочиде айтқан бұл пікірінің басты негізі де осында. Алдағы уақытта «Еуразия» кеме жүзу каналы тартылса, ол да еліміздің эконо­микалық дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын фактор болмақ.

Бір сөзбен айтқанда, Сочидегі жиын тараптардың бәрі үшін де тиімді болды деуге негіз бар. Себебі, онда әр ел үшін де тиімді ұсыныстар айтылды. Ұсыныс­тардың бәрінің негізінен қазақ басшысы тарапынан шыққанын да ескерте кетудің артықшылығы жоқ.

Соған қарағанда, мүмкіндігі күн сайын күшейіп келе жатқан бұрынғы посткеңестік ауқымдағы ең қауқарлы экономикалық инс­титут – Еуразиялық эконо­ми­калық одақтағы Қазақстанның рөлі барған сайын күшейе түсе­тіні де күмән тудырмайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *