Ет өнімдерін арзан бағамен ұсынуда

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Алматының Индустриалды аймағынан орын алған «Бижан» ет өңдеу зауытының фирмалық дүкені ет, шұжық, консервілер, жартылай фабрикаттар мен ет деликатестерін арзан бағамен ұсынуда. Зауыт жанындағы дүкендегі бағалар қаладағы кейбір сауда нүктелеріне қарағанда 15%-ға арзан.

– Көкшетауда біздің мал сою цехымыз бар. Сондай-ақ, онда 1000 басқа арналған бордақылау базасы бар. Жақында базамыз 5000 басқа арналып кеңейтілмек. Негізгі шикізат – ақбас тұқымды бұқалар. Біз өзімізде өндірілетін шикізаттың арқасында бәсекеге қабілетті әрі сапалы өнім шығарып отырмыз. Айта кетерлігі, ет өңдейтін «Бижан» ЖШС өнімнің көлеміне емес, сапасына баса назар аударады. Біз тек табиғи өнімдерді – ешқандай ГМО-сыз, тек ет пайдаланамыз, – деді «Бижан» ЖШС-ның коммерциялық директоры Самат Дәулетбақов.

Компания малды бордақылаудан бастап, одан шикізат дайындау, оны қайта өңдеуден өткізіп, одан дайын өнімдер шығарып, дүкен сөрелеріне жеткізіп беруге дейінгі өндірістік циклді енгізген. Кәсіпорын жоғары сапалы шұжықтардың 100-ден астам түрін шығарады.

Аталған зауыт неміс, швейцар және итальян өндірісінің әлемдік сапа стандарттарына жауап беретін заманауи жабдықтарын пайдаланады. Демек, мұндағы жұмыстар автоматтандырылған арнайы бағдарламалар күшімен атқарылады. «Бижан» зауытының өнімі «Ет әлемі» брендімен танымал.

– Тұтынушылар тарапынан ет және шұжық өнімдеріне деген сұраныстың көптігін ескере отырып, біз серіктес-сауда желілерінің акцияларына жүйелі түрде қатысып, әлеуметтік маңызы бар тауарларымызды екі апта аралығында 25%-ға дейінгі жеңілдікпен ұсынып келеміз, – деп атап өтті С.Дәулетбақов.

«Бижан» зауыты Алматының Индустриалды аймағында 2020 жылдың басында іске қосылған болатын. Нәтижесінде 250 жаңа жұмыс орны ашылды. Бір тәулікте 20 тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *