Ет бағасы неліктен қымбаттады?

Биыл елімізде ет қымбаттады. Бұл ретте «Ранкинг.kz» сараптама сайтының мәліметі бойынша, бір жылдың ішінде жылқы мен құс етінің құны 9–15 пайызға дейін өсіп кетті. Ал сатушылар мұны экспорттың ұлғаюынан шаруалар мал етін көбіне шет елдерге сатқысы келетіндігіне қатысты екендігімен байланыстырып отыр.

Бұл ретте сатушыларға ет бағасының неге қымбатта­ғанын кәсіпкерлер түсіндіріп баққан. Мысалы, жоғарыда айтқан сараптама сайтының мәлімет­тері бойынша, елімізде бір жыл ішінде жылқы мен құс етінің ғана бағасы 9-15 пайызға өсіп кеткен.

Көріп, байқап жүрміз, осыдан бір апта бұрын ғана қой етінің көтерме бағасы 1400 теңге болатын. Қазір ол 2100 теңге болып кетті. Ал енді сиыр етін жыл басында 1100 теңгеге алсақ, бүгінде оның бағасы 1500–1600 теңгеге дейін көте­ріліп кетті. Осы орайда, егер экспортты көбейтетін болса, онда көтерме баға 2 мың тең­геден асады да, оның дүкендегі құны 3 мың теңгеден жоғары болады екен. Олай болса, қарапайым халық мұндай етті қандай ақшасына сатып ала алады?..

Құттыбек АЙМАХАН.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *