ЕСТЕ ЖҮРЕР ЕСТІ СӨЗ…

Пайда келтіре алмасаң – зияныңды тигізбе!

Қуанта алмасаң  – ренжітпе!

Мақтай алмасаң –  сөкпе!

***

Адамға деген   сағынышыңызды  ашық  айтыңыз,   бұл өте маңызды!

***

Өзгелердің  бақытына қуана білген адамның өзі де бақытты.

***

Біреуге  жақсылық жасасаң – ұмыт!

Біреу саған жақсылық жасаса – жадыңда сақта!

***

Ақыл айтқыштар көп, қолұшын созатындар аз.

Сын айтатындар көп, жол көрсететіндер аз.

***

Ойлы  адамға ойсыздардың шектірер азабы көп…

***

Бақыттың қадірін  бақытсыз адам  ғана түсінеді!

***

Бұл өмірде ешкім  саған дос та, жау да емес, әрбір адам саған ҰСТАЗ!

***

Ата-анасын, туыстарын сыйламаған адамның  қоғамға да  пайдасы жоқ.

***

Араласқысы келгендер – жолын іздейді,

Араласқысы келмегендер – сылтау іздейді.

(Әлеуметтік  желілерден).

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *