ЕСКЕ АЛДЫ ӘБІШІН АЛМАТЫСЫ

26Өткен сенбіде Алматыдағы «Роял-Тулуп» мейрамханасында алты Алаштың қайраткер қаламгер жазу­шысы Әбіш Кекілбайұлының дүние­ден озғанына қырық күн толуына орай, Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ас берілді.

Аста Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және де зиялы қауымның атынан бірнеше тұлғалы азаматтар сөз сөйледі. Соған орай ақын Шөмішбай Сариевтың Әбіш ағасына арнаған өлеңін жариялап отырмыз.

 

 

ӘБІШ АҒА

Бірі – сөздің төгілткен нөсері еді,

Бірі – сөздің патшасы көсемі еді.

Қазақта Қабдолов, Қайырбеков,

Әбіш аға,

Дәуірдің туа біткен шешені  еді.

 

Жолықтық кең даланың нағызына,

От қосқан шілдесі мен тамызына.

Халқымның киелі ұлы Әбіш аға,

Алты Алаштың айналды Абызына!

 

Қайғысы халықтық боп басындағы,

Біртуар тұлғамыз ғой Ғасырдағы!

Соған да шүкірлік деп, дәтке қуат,

Ортада отыр бүгін асыл жары.

 

Әркімдер әрқалайша тон пішеді,

Маңғыстау Оңды ауылының оңдысы еді.

Әлемдік әдебиеттің классигі,

Әбіш Кекілбаев – сол кісі еді.

 

Нөсерлі тауға қарай бұлт ауған,

Тағдыр тартқан Пір Бекет –

Ұлы таудан,

Қазақы күрделенген сөз зергері,

Тартатын кәусар сөзді шыңыраудан!

 

Ұлы еліңе ақтарылар лебізің көп,

Туа біткен текті ғой негізің деп,

Қоштасып қимай Қазақ халқы тұрды,

«Қош бол енді, телегей теңізім!» – деп.

 

Қаламды ұрпақтарға тастап кеттің,

Жүргендей арасында асқақ көктің.

 «Өттің, дүние» дегенмен, қайта келіп,

Арамызда жаңа өмір бастап кеттің.        

 

* * *

Қазағыма айыр өркеш нар едің,

Қасиеттер қасиетті бар Елің,

Екінші ғұмырыңның басы бүгін,

Ана тілде сөйлеп жатыр әлемің!

 

Мен білмеймін бұл өмірден көшкен кім,

Туған елді, әр қазақты дос көрдің.

Ортамызға өзің жайлы тыңдауға,

Әдебиеттің ұлы абызы, қош келдің!

 

Ел болуға жаһан кезіп іздендік,

Асыл тұлға ағалардан із көрдік.

Алты алаштың абызы – Әбіш аға,

Сенің тірі екеніңді, сөз етуге біз келдік!  

 

Шөмішбай САРИЕВ,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат»

орденінің иегері,

Франц Кафка атындағы Халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *