«ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ»

288ақиық  ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған әдеби-сазды поэзия кеші

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан хал­қына  биылғы Жолдауында Мәңгілік ел идея­сын ұсынды. Бұл идея — ел тарихындағы маңызы зор қадам. Мәңгілік елдің тамыры ұлттық тілімен, әдебиетімен, тарихымен сабақтасады.  Мәңгілік ел болудың бір жолы — ақыны  мен асылын дәріп­теу, мәдени құндылықтары мен мұраларын қастерлеу. Елбасының ұлы идеясын қолдау мақсатында жалынды жырлары халқының жүрегіне  жеткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың атын иеленген мектепте «Есіңе мені алғайсың» атты поэзия кеші өтті.

Нар едің сен шалдығып, шөкпейтіндей,

Асқар едің созса қол жетпейтіндей.

Алдаспандай алғыр да берік едің,

Тынбайтын, шапқаныңды көктей тілмей.

Жаныңның бар асылын үйіп-төктің,

Мерейін жасын жырдың биіктеттің.

Қазақтың әлімсақтан келе жатқан,

Қара өлеңін қастерлеп, сүйікті еттің, – деп  Мұқағали ақынға  жыр арнаған,  көзін көрген, жанында еріп жүріп талай жырын өз аузынан тыңдаған  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы медальдың иегері,  ақын Сәрсенбек Бекмұратұлы кештің құрметті қонағы болды.

Сәрсенбек Бекмұратұлы «Сырдың елі – жырдың  елі» атанған  Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Еңбекші ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық «Өскен өңір» газетінен бастаған. Алғашқы өлеңдері  «Ба­лауса», «Дария жыры», «Қарлығаш» атты топтама жыр жи­нақтарына енcе,    «Жан жұпары», «Мұхамедтің мөрі», «Ми­зам шуақ» деп аталатын жеке жыр жинақтары,   «Мал­ды ауылдың өрендері» деректі повесі мен екі кітаптан тұра­тын «Ел   перзенттері» атты очерктер жинағы жарық көрген.

Өлең ал, сұрама дос басқа менен,

Көңілім жырға толы аппақ әлем

Хақым жоқ ақын болып жаралғасын,

Жазуға жылуы жоқ,  шатпақ өлең, – деп, жырлаған ақын ағамыз Мұқағали туралы естелік айтумен қатар, өз өлең­дерін де оқушылар назарына ұсынды.

Мұқағали ақын:

Зымыра, көсіл ақын, көсіл енді,

Жақтаса ел ақынын өсіреді.

Жолдардан қиын-қыстау жүріп өттің,

Табам деп қара өлеңнен несібемді, – десе,

Кештің қонағы Сәрсенбек ағамыз:

Өмір баста мәңгілік тұрмайды анық,

Қалғанынша көз семіп, тіл байланып,

Жаза берем үздіксіз өлеңімді,

Па, шіркін, кетер ме едім жырға айналып! – деп тебіренеді.

289Аудан әкімінің бірінші орынбасары  Ахметжан Көше­нов «Сіздің  нағыз  кемел шағыңыз. Қаламыңыздан өрісі кең, өміршең, тағылымы мол туындылар әлі де жазылары анық» деп Сәрсенбек ақынға алғысын білдірді.

Кешті қорытындылаған Ыбырай Алтынсарин және  Тәуелсіздік медальдарының иегері,  Іле аудандық мәслихаттың депутаты, ауданның құрметті азаматы, мектеп директоры Ғалия Нәдірбекова ата-баба жолымен ақын Сәрсенбек Бекмұратұлының басына бөрік кигізіп, иығына шапан жапты.

Мұқағали кешіне Іле аудандық мәслихатының хат­шысы Ерболат Тұрымбетов, аудандық қоғамдық және ардагерлер үйінің төрағасы Әмзе Исаев, ішкі саясат бөлі­мінің бастығы Сұлтан Жарқынбеков, т. б. қатысты.

Мектебіміздің мақтанышы халықаралық «Ақ көгер­шін»,  республикалық «Ғұмырдария» байқауларының жеңім­паздары  –  «Наз» би ансамблі поэзия кешін ән-күймен әрледі.

Назира АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ, ұстаз. Алматы облысы, Іле ауданы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *