ЕШКІМ МӘЖБҮРЛЕЙ АЛМАЙДЫ

Үйіңіздегі краннан ағып тұрған суыңыздың сапасы қандай? Қазір осындай сауалмен үй-үйді аралап, түрлі су сүзгіш құрылғыларын ұсынып жүрген компаниялар қаптап кетті. Осы азаматтар сіздің де есігіңізді қаққан болар?

Мәншүк БЕКБОСЫН

Бұдан өзге, суды үнемдеуге мүм­кіндік беретін түрлі құрал­дарды жарнамалап келетіндер де қаншама?

Соңғы уақытта тұрғындардың айтуынша, белгісіз біреулер су есептеу құралының да ескіргенін айтып, ертерек ауыстыруға мәж­бүрлейтін көрінеді.

«Алматы Су» мекемесінің қызметкерлері есептеуіш құралын ауыстыру керектігі туралы ақ­паратты телефонмен хабарла­май­тынын мәлімдейді. Мұндай ақпарат коммуналдық төлем түбіртегінде ғана көрсетіледі. Сондықтан есеп­теуіш құралын ауыстыру  керек­тігін айтып, хабарласқан адамдар болса, ең алдымен «Алматы Су» мекемесіне  қоңырау шалып, ақпа­ратты анықтап алу қажеттігін ес­кертеді. Өйткені, бүгінде су есеп­теуіш құралдарын ауыстыру қыз­метімен айналысатын жеке компаниялар мен фирмалар көп.

«Алматы Су» мекемесінің ма­мандары тұтынушыларға есептеу құралын тексеру уақыты құралдың паспортында жазылғандығын ескертеді. Сонымен қатар, ауыс­тыру уақыты жетпей тұрып, «Алсеко» АҚ квитанцияларында су есептеуіштерін ауыстыру қажеттігі ескертілетін болады. Есептеу құралын ауыстырып, тексеруге осы қызметпен айналысуға рұқсат беретін лицензиясы бар компа­ниялар ғана құқылы. Сәйкесінше, олар демонтаждау, болмаса монтаж­дау актісінің көшірмесін тұтыну­шыға қалдыруға міндетті екен.

КЕРЕК ДЕРЕК

* Суық су мен кәріз мәселелері бойынша тұтыну­шы­ларға қашықтықтан қызмет көрсету үшін 3-777-444 көп арналы нөмірі бар call-орталық жұмыс істейді.

* Барлық даулы мәселелер мен сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілер бойынша тұтынушылар «Алматы Су» МКК 245-95-28, 227-60-24, 8-702-100-27-65 сенім телефондарына хабарласулары қажет.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *