Ешкі өсіруді неге елемей келеміз?

Ешкі сүті тоқсан тоғыз ауруға ем

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Серік ЖҰМАБАЕВ

«Мал өсірсең ешкі өсір, өнімі оның көл-көсір» деп кезінде ата-бабаларымыз тегін айтпаған. Бірақ, бүгінгі таңда, өкінішке орай, елімізде ешкі шаруашылығына аса көңіл бөлінбей келеді. Ал еліміз менсінбей отырған ешкіні Еуропа елі бүгінде қарқынды өсіріп отыр. Өйткені, бүгінгі таңда аналар сәбиін емшек сүтінен ертерек айыратынды шығарды. Ал ешкі сүті ана сүтімен пара-пар. Оны ғалымдар дәлелдеп шықты. Осы орайда, біз ешкінің еті мен сүтіндегі ерекшеліктерге аз-кем тоқталғанды жөн санадық. 

Ешкі сүтінің, әсіресе, ана сүтімен ұқ­сас­тығы бүгінде әлем ғалымдарының на­за­рын аударып отыр. Ал, атам қазақ ешкі сү­ті­нің емдік ерекшелігін, ана сүтінің құра­мымен бірдей екендігін баяғыда білген. Өйткені, әдеби және тарихи кітаптардың көбінде емшектегі күйінде анасынан жетім қалған нәрестеге міндетті түрде ешкінің сүті берілетіні жайында көп айтылатын. Бала­ларды қоректендіруде сиыр сүтіне қара­ғанда, ешкі сүті жарамды. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ. Бірақ, жа­санды немесе аралас қоректендіруде еш­кі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады екен.

Ешкі сүтінің басты артықшылығы оның қорек ететін шөбінде болса керек. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, ешкі 200-ден астам шөп түрін қорек етеді екен. Тау-тасқа секіріп, қойдың алдында жүріп, әр шөптің басын шалып, таңдап жейтін ешкі енді бір деректерде 500-ден астам шөп түрін пайдаланатыны анықталған. Дәрумендік қасиеті мен микроэлементтік құрамы жағынан ешкінің алдына еш жануар түсе алмайды екен.  Өйткені, бұл жануардың сүті емдік және аурудың алдын алу қасие­тімен ерекшеленеді. Тағамдық аллергия, туберкулез, анемия, диабет, ағзаның қор­ғаныс қызметін арттыру, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен радионуклид­терді шығаруда ешкі сүті таптырмайтын ем көрінеді.

Бүгінде әлем бойынша жылдам таралып бара жатқан аурулардың бірі – аллергия. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы­ның мәліметіне сүйенсек, әлемдегі ересек адамдардың 5 пайызы, ал балалардың 15 пайызы түрлі аллергиялық ауруларға шалдыққан. Бұл көрсеткіш уақыт өткен сайын үдеп келеді. Аллергиясы бар ата-аналардан туылатын балалардың да аллергиялық ауруларға шалдығу ықтимал­дылығы жоғары болаты­ны да анықталып отыр. Аллергия – адам бойындағы иммундық жүйеде «ақау» ба­рын білдіреді. Айналадағы қоршаған ор­тадағы түрлі құбылыстарға шыдас бермеген иммундық жүйе сыр беріп, аллергияның қозуына алып келеді. Бүгінде қоршаған ор­таның тез өзгеріске түсуі адамзаттың бой­ын­дағы аллергияның қозуына алып келуде. Ал ешкінің сүтінің аллергияға бірден-бір ем екені дәлелденіп отыр. Керісінше, адамзат баласы бүгінде көп қолданатын сиыр сүтінің аллергияның қозуына тікелей әсер ететіні дәлелденіп отыр. Осыған орай дәрігерлер бүгінде құрамында сиыр сүті бар тағамдардың орнына құрамында ешкінің сүті бар тағамдарды пайдалануға кеңес беруде. Аллергиядан өзге ешкі сүті өзге де түрлі ауруларға ем саналады. Сондай-ақ, ағза­ның қорғаныстық қасиеттерін арттыруға да ешкінің сүті ерекше әсер етеді. Ешкі сүтінің құрамындағы қанықпаған май қышқыл­дары да деннің саулығына оң әсерін тигізеді. Аталмыш қышқылдар несеп айдау жол­дарына таптырмас ем екен.

Қазақ Тағамтану академиясы маман­да­рының айтуынша, ешкі сүтінде 12 түрлі дәрумен бар екен. Ешкі сүті адам ағза­сында тез қорытылады. Жоғарыда келтірілген артықшылықтарынан басқа ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәру­мен­дері, аскорбин қышқылы бар. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді. «Сиыр сүтіндегі темірге қара­ғанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді, бұл анемияның алдын алуда аса маңызды», – дейді мамандар. Бүгінде Швейцарияның таулық шипажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдық­қан­дарды ешкі сүтімен емдеуде. Демек, ауыр­маймыз десек, ешкі сүтін тамақ рацио­нымызға міндетті түрде енгізіп қоюымыз қажет.

Жоғарыда келтірілген артықшылықта­рынан басқа ешкі сүтінде көп кальций (143.0 мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), марганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг), А (0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) және Д (0.06 мг) дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. В12 дәруменінің құрамына кіретін және қан өндірімі үрдістеріне жауап беретін кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыс­тырғанда ешкі сүтінде 6 есе көп. Сүттің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек-қантамыр жүйесіне оңтай­лы әсер етеді. Осылайша, ешкі сүті мине­ралдық заттектерге, дәрумендер мен ми­кро­элементтерге сиыр сүтінен гөрі бай­ы­рақ, ешкі сүтінің нәруыздары асқазанда тығыз­далмауына байланысты сіңімдірек келеді.

Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.

АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фиб­ромиома мен балалар эпилепсия­сын емдеуде аса пайдалы.

Төрткүл дүниеде 1 млрд. шамасында ешкі малы бар екен. Оның саны жөнінен Қытай көш бастап тұр. Онда 180 млн. басқа жуық Сексек ата тұқымы бағылатын көрінеді. Одан кейінгі орындардағы Үндістанда – 130, Пәкістанда – 50, Бангладеште – 40, Иран мен Ни­герияда – 30, Судан, Эфиопия, Индо­незия мен Сомалиде 20 млн. шамасында малдың осы тұқымы кездеседі. Бізде ше? Олардың саны бар-жоғы 2 млн. бастан аспайды.

Қазақ жерінде ешкі малын өсіруге мол мүмкіндік бар. Тастан-тасқа секіріп үйренген ешкі малы үшін жайылым бізде молынан жетіп жатыр. Өкініштісі, бізде оған деген дұрыс көзқарас жеткіліксіз. Өзіміз баққаннан гөрі, сырттан сатып алғанды оңай санаймыз. Елімізде мал шаруашылығын дамыту бағытында төрт түлік қатарынан «құрметті» орын ала алмай қалса да, ешкі малын өсіруге көңіл бөлгеніміз өте орынды болар еді.

Өкінішке орай, отандық нарықта да ешкі сүті мен одан жасалатын өнімдерге мән беріліп отырған жоқ. Ешкі сүтінен дайындалатын балалар тағамдарының тоқсан пайызы шекара асып, шеттен ағылып жатыр. Неше ғасырдан бергі ата кәсібіміз мал шаруашылығы болғанымен, әлі күнге қолда бардың қадірін білмей келеміз. Дұрыстап ден қойсақ, бір ғана ешкінің өзінен еселеп табыс табуға болар еді. Қазір дамыған шет мемлекеттер холестерині көп майлы еттен гөрі диеталық тағамдарға мән беруде. Осы тұста ешкі етінен бренд жасауымызға да болар еді. Ата-бабаларымыз ешкінің аса өсімтал мал екенін айтқан. Демек, ешкі өсіруді қолға алсақ, ұтылмасымыз анық.

Ешкі сүтінің пайдасы

 

Асқазан және ішек ауруларының кез-келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасының зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стакан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.

 

Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.

 

Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 0,5 стакан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.

 

Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар. Сондай-ақ, ол иммунды жүйені қатайтады. Оның емдік тәсілі мынадай: шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10 кг. дене салмағына 50 г.-нан өлшеп, науқасқа беру керек.

 

Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде ешкі сүтімен шайып тұру қажет.

 

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Сондай-ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стаканнан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.

 

Ешкі сүтін Гиппократ құрт ауруымен ауырғандарға ем ретінде ішуді ұсынса, Ибн Сина айналасындағыларға: «Балаларыңның алдында қартайып, мүсәпір халге жеткілерің келмесе, ешкі сүтін ішіңдер» деп, ұзақ жасауға пайдасы зор екенін атап өткен екен.

 

Артық салмақ тастағысы келетін жандарға да ешкі сүтін ішу ұсынылады. Оның құрамындағы май адам денесіне артық май болып жиналмайды.

 

Суық тигенде де пайдасы мол.

 

Онкологиялық аурулардың алдын алады.

 

Аяғы ауыр келіншектер ешкі сүтін ішсе, баланың қаңқасы, тістері жақсы дамиды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *