Есепке жүйрік балалардың бағы жанды

Рая ЕСКЕНДІР

 

Алматыдағы Оқушылар сарайында қала мектептерінде оқитын есепке жүйрік оқушы­лар­дың «Зияткерлік. Білім. Кеңістік» деп аталатын олимпиадасы өтті.

Аталмыш білім додасын қалалық Білім басқармасы мен Оқушылар сарайы бірлесе ұйым­дастырып өткізді. Бұл жолы да қала мектептерінің 3–10-сыны­бында оқитын алғыр балалар өздерінің математика пәніне деген қызығушылығы мен алған білімдерін ортаға салды. Тапсырма бойынша берілген 10 есептің оңайы жоқ. Әрбір оқушының сыныбына қарай есептің де күрделілігі байқалды.

– Қатысушы балалардың ара­сында өте мықты, есепті жаңғақ­ша шағатындары бар екен. Деген­мен, байқау шарты бойынша берілген тапсырмалардың күрделі болып келуі заңдылық, – дейді ұйымдастырушылар алқасы.

Барлық қатысушыларға ар­найы сертификаттар табыс етіліп, жеңімпаздар Мақтау қағаздарына ие болды. Осы білім бәйгесінің бас жүлдесін жеңіп алған Дана Нұрболқызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық орталығына тегін қатысатын болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *