Ержан Бабақұмаров Қоғамдық кеңестің мүшелерімен кездесті

Қала әкімінің орынбасары әрі коронавирустың алдын алу бойынша құрылған арнайы штабтың басшысы Ержан Бабақұмаров Қоғамдық кеңестің мүшелерімен кездесті.
Жиында әлемнің 118 елінде тіркелген инфекцияға қарсы тұруға бағытталған дайындық жұмыстары пысықталды. Штаб жетекшісі Алматыда зертханалық жолмен ешбір пациенттен коронавирус жұқпасы расталмағанын мәлімдеді.
– Қалада медициналық бақылау жүйесі үш бағытта ұйымдастырылып, жұмыс істеуде. Бірінші бағыт жұқпалы ауру тіркелген жағдайда ғана қолға алынбақ. Екіншісі – провизорлық бағыт. Ол үшін провизорлық орталық – жұқтыру қаупі жоғары адамдар. Үшінші бағыт – инфекция шыққан елдерден келген адамдарды карантинге жатқызу. Осы үш санат қазір тексеруден өтіп жатыр, – деді Е.Бабақұмаров.
Жиында белгілі болғандай, Алматыда бір орталықтандырылған, екі ұлттық зертхана жұмыс істейді екен.
Бүгінде Алматыда 497 адам карантинде жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты. Ал провизорлық орталықта 10 пациент жатыр. Олардың денсаулығына тестілегенде зертхана сынамасы ЖРВИ мен тұмаудың барын анықтады.
Сонымен қатар ерекше режимде жұмыс істеуге көшкен қала әкімдігі ситуациялық орталық құрмақ. Алдағы уақытта арнайы сайт ашылып, жедел желі де іске қосылмақшы.
Сондай-ақ, мемлекет қаржысына өтетін барлық іс шаралар тоқтатылмақ. Қоғамдық көліктерде де залалсыздандыру жұмыстары жиі жүргізілмек.
Айта кетейік, 1 ақпаннан бері Алматыға шетелден 12 мыңнан астам адам келген. Оның «1а» категориясына жататын елдерден келгендер 14 күн ауруханаға, ал Франция, Германия, Испаниядан келгендер үйде карантинге жатқызылды.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *