Ержан Бабақұмаров діни бірлестіктер көшбасшыларымен өзара байланысты нығайту мәселелерін талқылады

18 қазан күні Қазақстан бойынша Рухани келісім күні аталып өтеді. Бұл мереке қала тұрғындарын ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, қоғамдағы тұрақтылық мен келісміді сақтуға және одан әрі дамытуға бағытталған.
Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қалалық Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелерімен кездесу өткізді.

Аталған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Орыс православтық шіркеуінің, Римдік-Католиктік шіркеуінің, Евангелшіл-христиан баптисттердің өкілдері және т.б. қатысты.
Кездесу барысында рухани келісім саласындағы өзара байланыс, толеранттылық пен дәстүрлі құндылықтар мәселесі, сондай-ақ деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында тұрғындармен кері байланысты күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, әлі қаупі сейлмеген пандемия кезіндегі халықтың ауызбіршілікте болуына жеке тоқталып өтті.
Өз кезегінде, Клуб мүшелері Рухани келісім күнінің ерекше маңыздылығын атап өте отырып, діни бірлестіктердің бұдан әрі жұмысына байланысты өз ұсыныстарын жеткізді.
Атап айтқанда, қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай, Вознесендік кафедралдық собордың ключары Александр Суворов және Алматыдағы Қасиетті Үштік епархиясының бас викарийі Беднарски Ян Богумил қатысушыларды мерекемен құттықтап, бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Шара барысында Ержан Бабақұмаров қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқан Клубтың бірқатар мүшелеріне ұттықай отырып, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан алғыс хаттар табыстады.
Анықтама: Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы ерікті консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Клуб өз қызметін 2017 жылдан бастап атқаруда және құрамына 30 жуық әр түрлі діни бірлестіктерді біріктіреді. Клубтың мақсаты дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады. Сондай-ақ, Клуб мүшелері Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысына қатыса алады және діни сенім бостандығы саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныс енгізе алады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *