Ермек АМАНШАЕВ — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары — ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі

Ермек Аманшаев  биылғы жылдың ақпан айынан бері ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Бес жылдан астам уақыт ел  аста­насы  әкімінің орынбасары бо­лып қызмет етті.  Мәдениет вице-министрі және «Қазақ­фи­льм» ұлттық компаниясы» АҚ пре­зиденті ретінде  отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты.   «Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­раткері» атағымен, «Мәдениет қайраткері» белгісімен мара­патталған. Қазақстан Жазу­шылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.

 

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ —  ҚР  Ұлттық музейінің директоры

«Мемлекет басшысының өкімімен Арыстанбек Мұхаме­ди­ұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды»,  делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі  мәдениет секторының мең­герушісі, Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер ака­демиясының ректоры, ҚР Мә­де­ниет министрі қызмет­терін атқарған. 2014 жылғы 12 та­мыздан Қазақстан Республи­касы Мәдениет және спорт министрі лауазымында болды.

Ұлттық музейді бұған дейін басқарған Алмаз Нұразхан қызметінен босатылды.

 

Нұрғиса ДӘУЕШОВ — ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

Нұрғиса Дәуешов 1985 жы­лы Батыс Қазақстан облы­сында дүниеге келген. Құрман­ғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия­сының магистранты.

Түрлі жылдары филармония, халық аспаптары академиялық оркестрі әртісі,  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыка өнері кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2013 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі ди­ректоры лауазымына тағайын­далған болатын.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *