Ерлік еш кетпейді

4Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балаларына мереке ұйымдастырылды.

Алматы қалалық құқық қорғау органдарының мүгедектері мен қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету орталығының спорт залында өткен қайырымдылық акциясы барысында балалар арасында боулингтен жарыс өтті, – деді орталық төрағасы Асылбек Османов.

– Қалалық Ішкі істер департаментінің қызметтері мен бөлімшелері аталған орталықтың бастамасын жан-жақты қолдап келеді. Соның нәтижесінде арқасында орталықтың өкілдері көптеген қоғамдық шараға қатысуда, – Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Оразбеков.

Ерлік еш кетпейді. Орталық қазіргі таңда еңбекке жарамсыз мүгедектер мен қаза тапқан қызметкерлердің қырықтан астам отбасысын біріктіріп отыр. Қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардың материалдық көмегінің арқасында жұмыс істеп келе жатқан ұйым әр алуан түрлі мереке кезінде балалар арасында мерекелік, спорттық шаралар ұйымдастырып келеді.

Айнабай МӘДИ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *