ЕРЛІГІ АСҚАН, ЕСІМІ ДАСТАН

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерлігіне 75 жыл толуына орай Орал – Алматы – Невель қалаларында «Еске алу сағаты» халықаралық акциясы бастау алған еді.

Рая ЕСКЕНДІР

Халықаралық акция биылғы 2 қазанда Мәншүк Мәмето­ваның туған қаласы Оралда басталып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен митинг болып өтеді. Осыдан соң халықаралық акцияның екінші кезеңі Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан қазақтың батыр пулеметші қызының есімімен аталатын Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде мерекелік жиынмен жалғасын тапты. Аталмыш мек­тепте Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова 1931–1938 жылдары оқыған.

Айтулы мектеп 1960 жылдан бері Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың атымен аталады. Бүгінде лицей аталатын мектепте әскери Даңқ мұражайы бар. Мұражай Мәншүк Мәме­това атымен аталатын барлық басқа мұражайлармен үнемі байланысып отырады. 2012 жыл­дың мамырында Қазақстан Рес­публикасының тұңғыш Пре­зиденттік қорының қолдауымен №28 лицей мұғалімдері мен оқушыларынан құрылған деле­гация Ресей Федерациясының  Псков облысы Невель қаласын­дағы жерленген Мәншүк Мәме­това мен Әлия Молдағұ­лованың жерлеу орындарын көзбен көріп қайтқан еді.

Жарық жұлдыздай жарқ етіп сөнген қазақтың батыр қызының ерлігін еске алған жиында Мәншүк Мәметованың майдан­дастары, бүгінгі қоғам қайрат­керлері С.Жиенбаев және Б.Ке­реев, Республикалық генералдар кеңесінің төрағасы Р.Қайдаров, батыр қыздың сіңлісі Айман апай, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атын­дағы «Приуралье» мемо­риалдық мұра­жайының дирек­торы С.Бекте­нова, генерал И.В.Пан­филовтың немересі А.Байқадамова, Алма­ты қаласы­ Ардагерлер кеңесінің пре­зидиум мүшесі К.Серікбаев, Ауған соғысы ардагері М.Әб­дішүкіров, Қазақстанның Ең­бек Ері А.Ми­разова, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиа­лының мүшесі Қ.Қасымов, байырғы ұстаз Қ.Кунапина, «Қазақстан тарихы: әдістемелік журналы­ның» Бас редакторы Т.Әзімха­нова, Медеу аудандық Білім басқармасының басшысы А.Са­па­рова, т.б. қонақтар бас қосты.

Шақырылған қонақтар өз кезегінде М.Мәметованың өмірі мен майдандағы ерліктері жө­нінде естеліктерімен бөлісе оты­рып, оқушылардың отансүй­гіш­тік сезімдерін арттырды. Лицей оқушыларының қаты­суымен «Мәншүктің соңғы ерлігі» атты көрініс қойылды. Қонақтар көздеріне еріксіз жас алып, ал оқушылар тәуелсіздіктің қандай ауыр жолмен келгенін бір сәтке ұғынғандай болды. «Еске алу сағаты» халықаралық акция­­сы­ның үшінші қорытынды кезеңі Ресей Федерациясының Невель қаласында 15 қазанда өтеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *