Еркін күрестен турнир өтті

Елбасы Н.Назарбаев 2019 жылды «Жастар Жылы» деп жариялады. Жастарды салауаттандыру, саламатты өмір салтын қалыптастыру қазіргі таңда мемлекетімізде көтеріліп отырған көкейкесті мәселелердің бірі. Жас ұрпаққа үлгі болып, оларды салауатты өмірге баулу мақсатында Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде еркін күрестен студенттер арасында республикалық турнир өтті. Жарыстың мақсаты – еркін күресті жастар арасында насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Турнирге 1998 – 2001 жылы туылған жасөспірімдер қатысты. Алматы қаласынан 15 колледж, 2 жоғарғы оқу орны, 1 мектеп  қатысты. Сондай-ақ, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстарының жас спортшылары да бақ сынады. Турнир тартысты өтті. Жасөспірімдер боз кілемде өздерінің ойлы ойын-өрнегін көрсетті. Көрермендер арасында еркін күресті дамытуға ат салысып жүрген спорт ардагерлері де болды. Олар жас балуандарға сәттілік тіледі.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері алғыс хатпен және медальмен марапатталды.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *