Еріктілер онлайн форматта 7 тілдік курс өткізді

Әсел ДАҒЖАН

Карантиннің алғашқы күнінен бастап волонтерлер қала халқының мұқтаж санаттарына азық-түлік себеттерін жеткізу және оларды өлшеп-орау, жұқтыру ошақтарына көмек көрсету, қоғамдық мониторинг, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары, қаланың қалалық әлеуметтік қызметтеріне көмек көрсету және т.б. түрлі жұмыстарға көмек көрсетті.
Бұл туралы онлай-брифинг кезінде «Қазақстан Еріктілер лигасы» ҚҚ Алматы филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева карантин кезіндегі еріктілердің атқарған жұмысы жайлы есеп беру кезінде мәлімдеді.

– 5000-нан астам мұқтаж және әлеуметтік осал қала тұрғындарына көмек көрсетілді, ірі супермаркеттерде азық-түлік себеттері өлшеніп салынды (ұсынылған тізімге сәйкес мүгедектік дәрежесі бар тұрғындарға, қарт адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек және т. б. тасымалдау түрінде көмек көрсетілді). 15-тен астам жұқтыру ошағына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге тұрақты түрде көмек көрсетілді, – деді Б.Анарбаева.
Қала ішіндегі түрлі деңгейдегі жұмыстардан бөлек, еріктілердің күшімен карантин кезінде тегін онлайн-форматта 7 тілдік курс және 2 шығармашылық үйірме де ұйымдастырылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *