Ережеп айы кірді

Ислам күнтізбесінде қасиетті болған төрт ай бар. Оның үшеуі бірінен соң бірі тізбектеліп  келеді. Олар Зулқағда, Зулхиж­жа, Мухаррам. Ал төртіншісі жеке келген Ражжаб (Ережеп) айы. Биыл бұл ай 19 наурыз күні кірді.

Алланың Елшісі (с.а.с): «Алла үшін айлардың жақсысы – Ережеп айы. Ережеп – Алланың айы. Кім оны ұлықтаса, расында Алланың ісін ұлықтаған болады. Кім Алланың ісін ұлықтаса, ол нығмет­терге толы жәннаттарға  кіреді. Алланың айы болғандықтан ережеп айының қадір-қасиеті, бағамы жоғары. Бірде Алланың Елшісінен (c.а.с): «Ол айды неге Ережеп деп атайды» деп сұраған кезде, пайғам­барымыз: «Ол ай арқылы соңынан ілескен шағбан, рамазан дәріптеліп, құрметке ие болады», – деп жауап берген. Тағы бір хадисте пайғамбарымыз: «Әлбетте, Ережеп – Алланың айы, Шағбан – менің айым, ал Рамазан менің үмметімнің айы», – деп бұйырған.

«Кімде-кім ережеп айының әуелгі күнінде ораза ұстаса, оның үш жылғы күнәсіне, ал екінші күні ораза ұстаса, екі жылғы күнәсі, ал қалған ораза ұстаған күндері үшін әр күніне бір-бір айдың күнәсі кешіріліп отырады».

Ережеп айында Алладан көп кешірім сұраңдар. Ақиқатында Алла ол айдың әрбір сағатында пенделерін тозақтан азат етеді. Алланың (жәннатта) бір мекендері бар, ол жерге тек қана ережеп оразасын ұстағандар ғана кіреді.

Алланың заты мен сипаты жайында баяндайтын Ықылас сүресін күніне 11 рет оқып, истиғфар, салауаттарды да жиі оқыған абзал. Бұл айда екі қасиетті түн бар. Ережеп айының алғашқы жұма түні (22 наурыз) Рағайып түні. Ережеп айының 27 түні (13 сәуір) – Миғраж түні.

Бұл айда әр күні 7 рет Фатиха сүресі мен 100 рет Ықылас сүресін оқу – өте үлкен сауапты іс болмақ.

Бұл айдың 13, 14 және 15 күндері ораза ұстағандар сүннетті орындағандары үшін көптеген ауруларына шипа табады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *