Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдері

Жуырда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдері» атты республикалық онлайн-семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның өңірлік филиалдары мен жоғары оқу орындарының педагог-ғалымдары, Алматы қаласының психологтары, логопедтері және институт ұжымы қатысты.
Семинар жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ директоры, педагогика ғылымының докторы Р.Садвакасова ашып, жиналғандар алдында академик Е.А.Букетов атындағы Карағанды мемлекеттік университетінің инклюзивті білім берудің консультативтік-практикалық орталығының директоры В.Боброва «Кадровый потенциал как важный аспект развития инклюзивного образования», Абай атындағы ҚазҰПУ «ҚР жоғары оқу орындары үшін инклюзивті білім берудің ресурстық-консультативтік орталығының» ғылыми қызметкері А.Ахметова «Вопросы подготовки педагогических кадров в Республике Казахстан к работе в условиях инклюзивного образования», «Тұран» университетінің «Психология» кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.к., доцент А.Қасымжанова «Кадровый потенциал как важный аспект развития нклюзивного образования», №74 ЖЖБМ инклюзивті білім берудегі әдіскері, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі А.Юсупова «Вопросы подготовки педагогических кадров в Республике Казахстан к работе в условиях инклюзивного образования», Нұр-Сұлтан қаласындағы №52 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша оқу орынбасары З.Кожахметова «Нейропсихологический подход в структуре инклюзивного педагогического процесса», №52 мектеп-гимназиясының дефектолог-мұғалімі З.Сұрағанова «Алгоритм работы службы психолого-педагогического сопровождения с детьми ООП» тақырыптарында баяндама жасады.
Семинар барысында қарастырылған жұмыстар:
1. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қатысты білім беру процесіне қатысушылардың барлығында толеранттылықты тәрбиелеу мәселелері.
2. Инклюзивті білім беруді енгізудің ғылыми негіздері.
3. Инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімдерді жұмысқа дайындау мәселелері.
Қаралған мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын ескере отырып, семинарға қатысушылар тарапынан мынадай ұсыныстар жасалды:
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарына және ҚР аймақтарының білім беру ұйымдарына.
1) Инклюзивті білім беруді дамыту мүмкіндіктерін зерттеу, жоғары оқу орындарының табысты тәжірибесін, атап айтқанда, Букетов атындағы ҚарМУ педагогикалық факультетінің дефектология кафедрасының қызмет тәжірибесін ескере отырып инклюзивті білім беруді іске асыруға педагогикалық кадрларды даярлау мәселесін шешу бойынша: жоғары оқу орнының құрылымында инклюзивті білім берудің консультативтік-практикалық орталығы және «Инклюзивті үйірме» құрылды, олар студенттер, докторанттар, жас ғалымдар үшін оқу-өндірістік және ғылыми-эксперименталдық алаң ретінде әрекет етеді;
2) Инклюзивті білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру кезінде қазіргі ғылыми тәсілдерге негізделуі;
3) Мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеу психологиялық қызметінің апробацияланған жұмыс алгоритмдерін қолдану;
4) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеуде және оқытуда заманауи технологияларды қолдану;
5) Инклюзивті білім беруді іске асыруда мұғалімдер мен психологтарға әдістемелік көмек көрсету бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы кафедраларының ПОҚ курс аралық жұмыс жүйесін жетілдіру;
6) Семинар мақалалары мен ұсынымдарының жинағын шығару.
Іс-шара соңында Қазақ психологиялық қоғамының мүшесі, психолог-практик (балалар нейропсихологиясы, РАС бар балаларды диагностикалау және оңалту), «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі, «Тұран» университетінің докторанты Г. Кудайбергенова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеудің заманауи технологиялары» тақырыбына арналған шебер-сынып өткізді.
Республикалық online семинарға қатысушылар кері байланысқа шығып, инклюзивті білім беру бойынша құнды мәліметтерді жинақтауға мүмкіндік берген мазмұнды жиынға ризашылықтарын білдіріп, осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуына тілек білдірді.

Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *