Ерекше балалардың ерекше суреттері

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ел ертеңі – жастар»  деп,  қашанда  оларға үміт артады. Ал болаша­ғымызды баян­ды ететін сол жастардың ден­саулығы мықты болуы тиіс. Бүгінгі таңда өмірге келіп жатқан көп нәрестенің ауру-сырқау болып туылып жат­қанын жасыра алмаймыз. Осындай жағдайда медицинаға артылып отырған жүк те ауыр­лап келеді. Қазіргі күні елімізде «Мүмкіндігі шек­теулі балаларды оңалту орталық­тары» көптеп ашылуда. Солар­дың бірі, әрі бірегейі – «Ақсай» ықшам­ауданындағы жеті жылдан  бері Эльвира  Қанатқызы  Роть бас­қарып отырған  «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы» біраз жұмысты жолға қойды. Соның нәтижесінде,  мүгедек талай бала, құлан-таза сауығып кетпесе де, шамалы өзгеріп,  жеңілдеп, ата-анасына сәл де болса да үміт сыйлады.

Жуырда «Қалалық балалар оңалту орталығы» ұжымы «Тәуелсіздік күні» тақы­рыбында суреттер бай­қауын өткізіп, мерекеге тарту жасады. Орталық 2011 жылдың 5 қыр­күйегінен бастап жұмыс істейді және психоневроло­гиялық ауытқуы бар балаларға кешенді оңалту және қалпына келтіру емін жүргізумен  қатар, тәрбие жұмыстарын да атқаруда.

Емделушілерді кешенді емдеу кезінде орталық маман­дары арт-терапияны қолданып, бала көңіл-күйінің үйлесімді болуына, жүйке-психологиялық шие­леністің азаюына, баланың бей­нелі, танымдық ойлау қабілетін дамыта отырып, оқу үрдісіне бейімделуіне, оның шығарма­шылық қабілетінің ашылуына ықпал етуге назар аударуды жолға қойып келеді. Еңбек ұжымы әр баланың қабілетін байқау бағытында, әрқайсының музыкалық қабі­летін оятып, оларды концерттік-ертеңгі­ліктер мен тақырыптық сурет байқау­ларына қатыс­тырып отырады.

image description

Олар салған суреттерден өмірге құштар жанның өнерін көргендей боласың. Тіпті, оларды сырқат деп ойлау мүмкін емес. Мекеменің ұзын дәлізінің қабыр­ғаларын  безендіріп, көр­кемдік беріп тұрған осы ерекше бала­лардың туындылары.

Жыл сайын  бірнеше топты кезекпен қабылдап, арнайы жұ­мыс салаларымен көмек көр­сететін ЛФК, массаж, логопед, физио-кабинеттеріндегі маман­дардың тыңғылықты еңбегі атап өтуге тұрарлық. Балалардың денсаулы­ғына күнделікті бақылау жасап, тиісті медициналық ем­дерді уақытылы көрсетіп оты­ратын дәрігерлер Игорь Русла­нович пен Маржан Макеноваға, кіші меди­цина қызметкерлері мен Раушан, Аксана, Райхан сынды  қарапайым жандарға, мүмкіндігі шектеулі балаларды өмірге бейімдеумен тынымсыз айна­лысып, олардың музыкалық сауаттылығын ашып, өнерге деген қызығушылығын дамы­туда табанды еңбек етіп келе жатқан Ләззат Акурти­новаға да ата-аналардың риза­лығы аз емес.

Медицина қызметкелерінің емі ғана емес, бір ауыз жылы сө­зінің өзі екі жақтың да көңіл­дерін көтереді. Бұл  ер­теңіміздің болашағына шынайы жанашыр­лық.

Мүмкіндігі шектеулі жан­дардың мүмкіндігін шектемей, олардың да мынау өмірден алары мен берері бар екенін білдіріп жатқан сурет көрмесін көрген жандар көсегемізді көгертер ұрпақтың жігерін жаныса артық болмас. «Ақсай» ықшамауда­нында  жүйелі жұ­мыс жүргізіп отырған, Эльвира Қанатқызы басқарып отырған ұжымға  ал­дағы уақытта та то­лағай жетіс­тіктер, суретті жақсы салатын ерекше балаларға шығарма­шылық табыстар, ал ата-ана­ларына сабыр, төзіммен қатар, бақыт тілеймін.

 

Хадиша ҚАБДОЛДИНА,

ардагер-ұстаз,               

ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close