«Енді әлемнің 10 сұлу қала­сы жазылған жеке тізіміме Ал­маты да еніп отыр»

Оңтүстік Корея Парламентінің Төрағасы Қазақстанға ресми сапары аясында Алматыда болды

Оңтүстік Корея Республикасы Ұлттық Ассамблея­сының Төрағасы Чон Сэ Гюн бастаған  парламент делегациясы Қазақстанға ресми сапары аясында Алматыда болды. Оңтүстік Корея делегациясы мегаполистің туристік әлеуетімен танысып, қала музейлерінде және мемлекеттік республикалық Корей театрында болды.

Оңтүстік Корея Республикасы Ұлт­тық Ассамблеясының басшы­сымен кездесу барысында Алматы әкімі  Бауыржан Байбек  екі ел ара­сында жылы қарым-қатынастың орнық­қанын, сауда-экономи­калық ынтымақтас­тықтың арта түскенін атап өтті. Бүгінгі күні қалада Қазақстан­ның барлық  этни­калық корейлерінің үштен бірі тұра­ды, корейлік этномәдени бірлестіктер  оң істерді жү­зеге асыруда, «Корё Ильбо» атты республикалық корей газеті шығуда.

– «Мен Астанаға – сіздің елдің саяси орталығы және барынша жедел дамып келе  жатқан бас қалаға аттана­мын. Алматыда болуды ерекше қалай­тынмын. Бұл қала өзінің дәстүрімен, таулары­мен,  тартымдылығымен қызық­тырады. Енді  әлемнің 10 сұлу қала­сы жазылған жеке тізіміме Ал­маты да еніп отыр. Мегаполисте спорттың қысқы түрлерімен ай­налысу үшін барлық жағдайлар жасалған.  Бұған  дәлел  –  қазақ­­-

с­тан­дық спортшы­лардың 2018 жылы Пхенчханда өткен Олим­пиада ойындарына қатысуы, мұнда біздің жанкүйерлеріміз Денис Тенге  айрықша  ілтипат біл­дірді», –  деп атап өтті Оңтүс­тік Корея Респуб­ликасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Чон Сэ Гюн.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Оңтүстік Корея Республикасы Қазақстан­ның 12 ірі сауда серік­тестерінің қатарында. Алматы қаласында корейлік капитал­мен сауда, құрылыс, жылжы­майтын мүлік, теле­комму­никация және басқа салаларда 290 кәсіпорын жұмыс істейді. 2017 жылы екі ел ара­сындағы тауар айналы­мы 1,7 млрд. АҚШ дол­ларын құрады, өз кезегінде  Алма­тыда  тауар айналымы 16,7%-ға артып, 163,1 млн. АҚШ долларына жетті.

Оңтүстік Корея делега­ция­сымен бірге ҚР  Парламенті Мәжіліс төраға­сының орын­басары Владимир Божко, Сенат депутаты  Георгий Ким,  Мәжі­ліс депутаты  Майра Айсина болды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close