Емтихан тапсырмауы мүмкін мектеп

 

Буден қаласында орналасқан швед мектептерінің бірінде сәуір бойына балаларға үй тапсырмасын бермеуге, бақылау жұмысын орындамауға, емти­хан тапсырмауға шешім шығарыпты.

Оқу орнының директоры П.Сирктің айтуынша, бұл мектептің балалардың денсаулығына көңіл бөлуден, қамқор болудан туған ой екен. Зерттеулер көрсеткеніндей, біздің балаларымыз үнемі жоғары күйзелісте жүрген соң өзін көбіне жайсыз сезінеді. Емтихан мен үй жұмыстарын орындаудан босату осы күйзелістің орнын толтырады деп есептейді мектептің педагогикалық кеңес мүшелері. Бұл уақытша тәжірибе барлық пән бойынша 7–9-сынып оқу­шыларына арналған. Дейтұрғанмен де, 9-сынып үшін бірыңғай ұлттық емтихан тапсыру әр жыл сайын жазғы демалыс алдын­да өтеді. Егер бұл тәжі­рибе оқушылар мен мұғалімдер үшін тиімді нәтиже берсе, оқушылардың сабағын тексеру жұмыстары жазғы дема­лыстан соң екі айға созылады. Ал енді бұл тәжі­рибеде дұрыс нәтиже берсе, бала­лардың 2019 жылы емтихан тапсырмауы да мүмкін дейді мектеп басшылығы.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *