Елуден астам алматылық праймеризге тіркелуге өтінім берді

Алматыда праймериздің бірінші кезеңі — үміткерлерді тіркеу басталды. Бұл кезең 28 тамызға дейін жалғасады.

Праймериздің негізгі мақсаты бәсекелестік күрес негізінде барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Мәжілісте тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін жаңа нақты және күшті көшбасшыларды анықтау болып табылады.
Бүгінде елінің болашағына бей-жай қарамайтын, талантты және креативті алматылықтар праймеризге қатысуға өтінім берді.
Алғашқылардың бірі болып «Red Dragon Almaty» ЖШС бас директоры Авершин Константин, паралимпиадалық спортшы, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны Серік Есматов, «Еріктілер лигасының» президенті Айсұлу Ерниязова және т.б. өтініш берді.
«Көріп отырғаныңыздай, мен өзім мүмкіндігі шектеулі адаммын, мен халықтың қандай проблемаларға тап болатынын нақты білемін.
Аяғым жоқ екеніне қарамастан, мен өз кандидатурамды ұсындым. Біздің қала мен елімізді жақсарта алатыныма сенімдімін!»,- деді Серік Есматов.
«NUR OTAN» партиясының 8 аудандық филиалында бірінші күні 50-ден астам адам тіркеуден өтті, оның 50% — ы әйелдер мен жастар өкілдері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *