Елу алматылық жас әскерге аттанды

Құттыбек АЙМАХАН

 

Биыл 7 мамырда еліміз ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 26 жыл тол­ғанын атап өтті. Соған орай Алматыдағы Республика сарайы алдындағы алаңда «Әскерге шақырушылар күні» аталып өтіп, алматы­лықтар 50 жасты еліміз Қарулы Күштері қатарына салтанатпен шығарып салды. 

Әрине, жастарды әскер­ге шығарып салудың дәл Отан қорғаушылар күніне орайластырып өткізілуінің өзіндік маңызы бар. Өйткені, ер азамат үшін өзінің Отанын, елі мен жерін қорғау жазылмаған қасиетті міндет саналады. Сол себепті, бұл салтанатты шараға қала әкімінің орын­басары Арман Қы­рықбаев, ҰОС мен Қазақ­стан Қару­лы Күштерінің ардагерлері, интерна­цио­налист-жауын­герлер, әскери-техникалық мектеп түлектері және сарбаздар қатысты.

Шара барысында де­санттық-шабуыл әскер­лерінің жауынгерлері қоян-қолтық ұрыстың үлгілерін көрсетті. Бұл жастарға Отан қорғау мен патриот­тық тәрбие тұрғы­сында әскерге баруға қызығу­шылық тудыру мақсатында жасалды. Содан кейін Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық мектеп курсанттары әс­керге шақырушыларға алғашқы қажеттілік үшін сый-сияпат құралдарын тарту етті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *